ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТУДА

Оқушылар сарайының Көркем киіз студиясының  ұстаздары  өз шәкірттеріне халқымыздың асыл мұрасы – киізден әртүрлі бұйымдарды жасауды үйретуде.

Олар киізден жасалған түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, заманауи үлгіге сай нақыштайды.  Жас  шеберлер бүгінгі дәуірімізге сай жаңа тақырыпта көздің жауын алар тамаша  туындылар жасап, өз көрмелерін де жас көрермендерге ұсынды.

Егер сіз киіздің сан қилы қасиеттері мен жүннен киіз басудың жолдары туралы іздеп жүрсеңіз, онда біздің көркем киіз студиясындағы сабақтар дәл сізге арналған!

Сарайымыздың жас ісмерлері  жасаған, киізден жасалған жоғары деңгейдегі  бұйымдар туралы видеороликті https://m.youtube.com/watch?si=4xjgebh400IfIB6Z&v=CuhEi1baUKs&feature=youtu.be YouTube -арнамыздан тамашалай аласыздар!