ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА  СӘНДІК ҚҰСТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөлімінде сәндік құстардың көрмесі өтті.

Көрмеге Алматы қаласының тұрғындары және 300-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар жабайы және қолға үйретілген түрлі-түсті ерекше құстардың түрлерімен танысып ғана қоймай, олардың күтімі туралы  сан алуан ақпарат алды.

Құстар әлемін ұнататын балалар олардың әуезді әндерінен тыңдап, әсем қауырсындарын тамашалай алды. Сондай-ақ құстар биологиясы мен табиғатты қорғау бойынша дәрістер тыңдап, көрмені тек ойын-сауық қана емес, танымдық шараға айналдырды.

Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны аялауға және оларды қорғауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.