ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ!

Оқушылар сарайының Спорт бөлімінде «Алғыс айту» күніне орай, «AMANAT» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе «Шынықсаң шымыр боларсың!» атты спорттық эстафета өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортпен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылған эстафетаға Оқушылар сарайының «Волейбол» балалар бірлестігінің білім алушыларынан құралған 4 команда қатысты. Аталмыш эстафета түрлі кедергілерден өту, жүгіру сияқты кезеңдерден тұрды.

Ал, оқушыларды әділ бағалаған жюри қатарында «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағысы Азат Алимханович, «Еркін күрес» балалар бірлестігінің педагогы Медгат Турлыбекович, «Каратэ- до» балалар бірлестігінің педагогы Даулеткалиев Жасұлан болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алғыс хатпен марапатталды.