ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

” ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

            Оқушылар сарайында 2023 жылдың қазан айының 12сі мен 15ші жұлдызы аралығында  үздік таланттарды бір сахнаға жинаған «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауы  өтті.

            Бұл бірегей шара республиканың түкпір-түкпірінен келген таланттарды біріктіріп, театрдың қайталанбас атмосферасын қалыптастырды. Аталмыш фестиваль театр әлемінің байлығын көрсетуге және баршаны шығармашылықтың жаңа биіктеріне шабыттандыруға арналған.

            Байқауға еліміздің 17 облысының таланттары жиналып, барлығы 153 қатысушы қатысты. Өнерпаздар “Өрнек” лагеріне жайғасып, байқауға дайындықтарын пысықтады. Олар түрлі жанрдағы (музыкалық опера, балет, мюзикл, би, драмалық және қуыршақ) театр қойылымдарын, сондай-ақ әдеби-музыкалық композицияларды орындады.

            Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді:

            Гран-при — Ақтөбе облысы, «Жалын» театр ұжымы;

            1-орын – Алматы қ. “Экспромт” театр ұжымы; Шымкент қ. «Шабыт» театр ұжымы;

             2-орын – Қарағанды ​​облысы, «Жалын» театр ұжымы; Алматы облысы, «Жас талап» театр ұжымы;

            3-орын – Шығыс Қазақстан облысы, «Өнер әлемі» театр ұжымы; Павлодар облысының «Маска» театр ұжымы және Ұлытау облысының «Ұлар» театр ұжымы.

            «Үздік әйел рөлі» — Қонысбек Ақгүлім, Қостанай облысы;

            «Үздік ер адам рөлі» – Амангелді Нұрдәулет, Атырау облысы;

            Кейіпкердің ең үздік актерлік бейнесі – Марат Расул, Жамбыл облысы;

            Көркем сөз – “А. Q” театр ұжымы, Астана қ.

            Байқауға қатысқан жас таланттарға барша ұжым атынан алғыс білдіреміз. Болашақта үлкен сахналарда көрінетін жарық жұлдыз болуларына тілектеспіз!