Турист күні

         2019 ж. 26 шілдесінде «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген балалар үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Турист күні» іс-шарасы өткізілді.

 Бұл шара балалардың бір-біріне деген эмоционалды позитивті  ұжымшылдық сезімін арттыруға, туризм, өлкетану туралы білімін ұлғайтып, балалардың табиғи жағдайда өмір сүруге  бейімделуіне бағытталған.

Сонымен қатар альпинизм эстафетасы, шахмат, робототехника сабақтары, түрлі ойындар мен туристік және өлкетану бағытындағы тренингтер өткізілді.