“Жастарға жол” Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жастарды дамыту қорының есеп беру кеші. 
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында «Жастарға жол» Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жастарды дамыту қоры есеп берді.  Қор 2016 жылы табысы төмен отбасы жастарын, әлеуметтік мекемелердің түлектерін, басқа қалалардың студенттерін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында балалар үйлері мен ауыл жастарының бастамасымен құрылған.

Негізгі бағыт халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары жастарына көмек және қолдау көрсету болды. Қор сондай-ақ жұмысқа орналасуға, практикадан өтуге, жас бизнесмендердің бастамаларын іске асыруға көмектеседі.

Қор жанында үш Жастар комитеті жұмыс істейді: “Мүмкіндігі шектеулі жастар кеңесі”, “Білім беру мекемелерінің (мектептер, колледждер, университеттер) жастар кеңесі”, “Алматы қаласы әлеуметтік мекемелерінің түлектер кеңесі”.

Бүгінде қорда белсенді және талантты жастардың 10 мыңнан астам еріктілері бар, олардың барлығы біздің қоғамның үйлесімді дамуына үлес қосуға атсалысады.