Жазылар естеліктер мен туралы

Алматы қаласы Оқушылар сарайында «Жазылар естеліктер мен туралы» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан көркемсөз оқу байқауы өткізілді. 

Аталған байқауға Алматы қаласының білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Жас талантты оқушылар ақынның өлеңдерін, шығармаларын жатқа мәнерлеп оқып, көрермендерге ақын ойын жеткізуге тырысып бақты. Осы мәдени шығармашылық іс-шараға, арнайы қонағымыз М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қор президенті – Айдарова Бахытгүл Мұқағали келіні шақырылып, әділ төрелік жасап, жас өнерпаз оқушыларды мараппаттады. 
«Күпі киген» қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадыр қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналған.