Алматы қаласы Білім басқармасының “Оқушылар сарайы” “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің оқушылары республикалық “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтаулар конкурсында жүлделі орындарды иеленді.
5-қазан дүниежүзілік “Ұстаздар” күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтау конкурсы өткен болатын. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология кафедрасы, “Педагогика және психология” ғылыми-әдістемелік журналы және Алматы қаласы білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен өткен аталмыш конкурсқа оқушылар мен 1-курс студенттері қатысты.
Ұстаздарымызды айтулы мерекелерімен құттықтаған “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің Көркемдік-қолданбалы өнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы Кәдір Әсел Дәулетқызының оқушылары: Айтмухан Аяулым – 1 орын, Байменова Азияна – 1 орын, Қуандық Арона – 2 орын, Абдрахман Іңкәр – 2 орын, Акимжанова Фатима – 3 орын иеленді.
Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отыра, оқу жылына сәттілік тілейміз!