КӨРКЕМДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БӨЛІМІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Алматы қаласы Білім басқармасының “Оқушылар сарайы” “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің оқушылары республикалық “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтаулар конкурсында жүлделі орындарды иеленді.

            5-қазан дүниежүзілік “Ұстаздар” күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да  “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтау конкурсы өткен болатын.   Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Педагогика және психология кафедрасы,  “Педагогика және психология” ғылыми-әдістемелік журналы және Алматы қаласы білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен өткен аталмыш конкурсқа оқушылар мен 1-курс студенттері қатысты.

            Ұстаздарымызды айтулы мерекелерімен құттықтаған “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің  Көркемдік-қолданбалы өнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы  Кәдір Әсел Дәулетқызының оқушылары:  Айтмухан Аяулым – 1 орын, Байменова Азияна – 1 орын, Қуандық Арона – 2 орын, Абдрахман Іңкәр – 2 орын, Акимжанова Фатима – 3 орын иеленді. 

            Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отыра, оқу жылына сәттілік тілейміз!