БАСТАМАҢ  ҚҰТТЫ БОЛСЫН,  ӘМИНА!

Оқушылар сарайының   Балалар  музыка мектебінің  «Шабыт»   балалар  эстрадалық вокал бірлестігінің тәрбиеленушісі Әмина Әбділбекованың авторлық әні шықты.

Таланттымен өз тыңдармандарын қуантқан Әминаның әні Тәуелсіздік күніне арналған.  Әуезді әннің сөзі  мен музыкасын Әмина жетекшісі  Сая Махамбетқызының жетекшілігімен жазып шықты.

Сондай-ақ, Әмина  Жаңа жыл қарсаңында «Алматы» телеарнасындағы Balafest бағдарламасындағы жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне де қатысты.  Әрдайым  өнерімен елді сүйсіндірген талантты тәрбиеленушіміз ол жақта  “Hello Dolly” пьесасын, саксофон мұғалімі Артур Игоревич Бемманың жетекшілігімен жоғары деңгейде орындап шықты. 

Әминаны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта тәрбиеленушімізден  мол  шабыт пен музыкалық шедеврлерді күтеміз!