Ел өміріндегі ерекше күн

Еліміз үшін 30 тамыз – ерекше күн. 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда еліміздің қолданыстағы Конституциясы қабылданған еді. Жаңа Конституция біздің бүкіл дамуымыздың негізін қалады. Азаматтардың өмірін, құқықтары мен бостандығы, адамның ең жоғары құндылықтарын анықтайды. Экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси әртүрлілік, баршаның заң алдындағы теңдігі Қазақстанның құқықтық дамуының басымдықтары болып табылады. Еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі туралы идеясы табысты іске асырылды. Бүгінгі таңда Конституция жаңғырту процесін одан әрі іске асырудың, демократиялық институттарды нығайтудың, азаматтардың әл- ауқатын арттырудың және Қазақстанды әлемнің дамыған елінің қатарына қосу жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.


Оқушылар сарайы “Арман” балалар би ансамблінің орындауында флешмоб.
Ән: “Ата Заң күні”.
Әні: Б.Ахметов.
Сөзі: С.Нұрқанова.