Ардагерлер – менің отбасым

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы Оқушылар Сарайы Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығымен бірлесіп, Ресей Федерациясы, Татарстан, Қазан қаласы, «Оперение» шығармашылық даму студиясының білім алушыларымен «Ардагерлер – менің отбасым» туралы естелік телекөпірін өткізді. ҚР БжҒМ кеңесшісі, РҚББОӘО директоры Шер Раиса Петровна қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға деген құрмет өзара қатынасты қалыптастыратын, патриоттық сезімді тәрбиелейтін, аға ұрпаққа деген құрмет пен оларға деген мақтаныш сезімін қалыптастыратын кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар, Оқушылар сарайы балалар музыкалық мектебі мен «Оперение» даму студиясының білім алушылары армия мен флот ардагерлерін, партизандарды, тыл​ ​​ еңбеккерлерін, соғыс балаларын еске алып, ән шырқап, өлең оқыды. Өздерінің туыстары, арғы аталары, ардагерлер туралы айтып берді.
Кездесу соңында​ Шер Раиса Петровна қатысушыларға алғысын білдіріп, адамзат өз Отанын фашизмнен қорғауда қаза тапқан миллиондаған адамдарға қарыздар екенін еске салатын осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.