ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕЙІК!

Оқушылар Сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында«Ақ киіз» балалар бірлестігі «Ұлттық нақышта киіз басу» атты шеберлік сынып өткізді.

Шеберлік сыныпта ұстаздар мен оқушылар киіз басу әдісі арқылы жүнмен жұмыс жасады. Қазақ халқының әртүрлі оюларымен танысып, олардан әшекейдер, сөмкелер, тақиялар мен киізден төсеніштер жасап, олардың жасалу жолымен бөлісті.

«Мұндай ғажайып жұмыстарды жасау адамның эмоционалдық жағдайына ғана емес, физикалық жағдайына да өте пайдалы. Балалар киіз басу арқылы өз қиялын, шығармашылық ойлауы мен көркемдік талғамын дамытады. Ең бастысы олар халқымыздың ұлттық қолөнерін дамытып, рухани құндылықтарды бойларына сіңіреді»,- дейді аталмыш бірлестіктің оқытушылары.

Балалар бірлестік педагогтері Бахытжан Турдахуновна мен Улболсын Бақтыгалиқызымен бірге осы уақытқа дейін әртүрлі қолөнер туындыларын жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүр!

Сіз де рухани құндылықтарды бойыңызға жинап, киізден түрлі туындылар жасағыңыз келсе, біздің «Ақ киіз» үйірмесіне жазылыңыз!