«ӘНШУАҚ. АЛМАТЫ» КҮНДЕЛІГІ ӨТТІ

2024 жылдың наурыз айының 27ші жұлдызы күні Оқушылар сарайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған – қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің қатысушылары «Әншуақ. Алматы» күнделігінде өнер көрсетті.

Естеріңізге салсақ, «Әншуақ» балалар әндерінің фестиваліне қатысушылар 1-ақпаннан бастап TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы бейнероликтерді жүктеп бастады.

Оқушылар сарайының оқушылары фестиваль басталған күннен бастап, өздерінің өнерлерін TikTok әлеуметтік желісіне үздіксіз жариялап отырды. Балалар әндерінің челленджін қолдап, қатысқан оқушыларды бүгінде еліміздің бас арналарының бірі – «Хабар», «24.KZ» арналары түсіріп, арнайы ролик дайындады.

Оқушылардың сайысалды дайындықтары мен әндерін тыңдап, олармен сұхбаттасқан тілшілер оқушыларымыздың сайысқа деген дайындықтарының жоғары екендерін атап өтті.

Аталмыш фестивальдің күнделігі 2024 жылдың маусым айына дейін жалғасын табады. Ендеше, «Әншуақ» балалар әндерінің челленджіне қатысып, TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы өз бейнеролигіңді жүкте. Әншуақпен ән шырқа!