ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

2023 жылдың 29-қарашасында Оқушылар сарайында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Онда Оқушылар сарайын жаңғырту жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.

Естеріңізге салсақ, биыл Оқушылар сарайы кезеңдік жаңғырту жұмыстарын жасаған болатын. Аталмыш жаңғыртудың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді оқыту және дамыту үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Жаңғырту жұмыстарынан кейін сарайда ғылыми-техникалық бағытта жаңартылған зертханалар, қалпына келтірілген залдар мен жаңа білім беру бағдарламалары жас алматылықтарға білім әлемінің жаңа қырын сыйлайтын болады.

          Жоғары деңгейде өткен пресс-турда Алматы қаласының әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы және т.б БАҚ өкілдері келіп, сарайдың қазіргі ахуалымен танысты.

          Сонымен қатар, баспасөз турының соңында барлық БАҚ өкілдеріне естелік сыйлықтар табысталды.