Пәндік республикалық олимпиада жеңімпаздарын жүлделерімен құттықтау

Медеу аудандық “Nur Otan” партиясының филиалымен бірлесе отырып, пәндік республикалық олимпиада жеңімпаздарын жүлделерімен құттықтадық. Республикалық Олимпиада жеңімпаздарын,биік жетістіктерге қол жеткізіп, Алматы қаласы намысын қорғап, даңқын асырған жас білімпаздарды, қалалық мектеп мақтаныштары: Айымбетов Мирас –№12 мамандардырылған гимназиясы. Республикалық орыс тілі пәнінен 1- ші орын иегері, Жұмаділдаева Аружан – №53 мектеп гимназиясы. Республикалық өзін-өзі тану пәнінен 1- ші орын иегері, Паримбекова Мадина – №159 гимназиясы. Республикалық қазақ тілі пәнінен 1-ші орын иегері, Азимбаева Анель – №161 лицейі. Республикалық орыс тілі пәнінен 1- ші орын иегері, Мухамбетияр Касым – “Haileybury” мектебі. Республикалық математика пәнінен 1- ші орын иегері және Оразхан Хайдар – “Haileybury” мектебі. Республикалық физика пәнінен 1- ші орын иегерлерін құттықтай отырып, болашақтарының жарқын, келешектерінің кемелді болуына тілектеспіз.