БІЗДІҢ СОФИЯ

Оқушылар сарайында талантты бүлдіршіндер өте көп. Солардың бірі, 10 жастағы біздің София Максутова.
Бала кезінен-ақ өнерге деген ерекше сүйіспеншілігімен көзге түскен кішкентай София талай мәрте үлкен сахналарда өнер көрсетті.
Жеті жасқа толған Софияны ата-анасы Оқушылар сарайының балалар музыка мектебіне әкелген еді. Кішкентай талант бірден Анжелика Шагарованың вокал сыныбына қабылданады. Бір жылдан кейін ерекше қабілетімен танылған София екінші мамандыққа, Елена Васильцованың флейта класына түсіп, оқуын жалғастырады. Музыка мектебінде оқыған төрт жыл ішінде ол өзінің музыкалық қабілетін шыңдап, көптеген конкурстар мен фестивальдарға, есеп беру концерттеріне, дыбыстық жазбаларға қатысты. Осы жылдар ішінде София қалалық және республикалық конкурстардың жеңімпазы атанды. Оның коллекциясында жеңіп алған бірінші орын мен Гран-при жүлдесі бар. Отбасында Софияның Алана есімді сіңілсі өсіп келеді. Ол да жасына қарамастан, флейта дыбыстарына құлақ түріп, Софияның әнін сүйсіне тыңдайды. Болашақта Алана да әпкесінің ізін қуып, Оқушылар сарайынан білім алатынына сенімдіміз! Оқушылар сарайының есігі жас таланттарға қашанда ашық!