ҚАМШЫБЕКТІҢ ҚОЛАСЫ.

Дүниенің төрт бұрышы түгел көз тіккен Токиодан тағы да бір қуанышты хабар жетті. Шаршы алаңда жұдырықтасып, қарсыласымен күш сынасқан Қамшыбек Қоңқабаев қола медалді жеңіп алды. Сын сағатта елінің намысын қолғабымен қорғаған батыр ұлымызды осынау жеңісімен құттықтап, барша Қазақстан халқының қуанышына ортақтастығымызды білдіреміз. Оқушылар сарайында білім алып жатқан барлық спортшы бүлдіршіндер мен ұжым шын жүректен құттықтайды.