Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына жаңа автобус табыс етті.

Жаңа автобуспен балалар түрлі конкурстар, жарыстар мен фестивальдарға баратын болады. Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен жабдықталған.
Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оқушылар сарайы ұжымы мен барлық оқушылары атынан зор алғысымызды білдіреміз!

Ізгі ниетпен, Айгүл Болатбекқызы