ТҰҢҒЫШ

Халқымыздың біртуар перзенті, тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын орындап, көкке түрен салды. Бүкіл ғалам қазақ баласының ерлігіне бас иіп, батыр ұл құрмет көрсетті. Сол жолы ғарышқа көз тігіп, ғарышкер болсам-ау деген талай қара домалақтың арманы орындалып, көкейлеріне үміт ұялады. Дүние жүзіне Қазақ баласының ғарышты да бағындыруға қабілетті екенін көрсетіп, ұлтымыздың мерейін үстем еткен еді. Бүгінде Тәуелсіз елімізден шыққан үш бірдей ғарышкерімізді мақтан тұтамыз. Ағаларының артынан ерген, сол жолмен жүріп, армандарына қанат біткен талай ұл мен қызы өркениет көшіне ілесіп, өздерінің бәсекеге қабілетті екендіктерін танытуда. Олардың арасында болашақ ғарышкерлердің, Тоқтар Әубәкіровтердің де жүргені анық. Оқушылар сарайының ұжымы мен барлық білім алушылары ерлігімен үлгі болған Тоқтар Әубәкіровты 75 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық тілейміз!

Ізгі тілекпен, Оқушылар сарайы ұжымы мен білім алушылары.