САЯ МАХАМБЕТҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған мемлекеттік тілде «Әншуақ» балалар фестивалі аясында  2024 жылдың 14-ақпан күні Оқушылар сарайының  Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігінде оқушыларымыз әнші  Сая Махамбетқызымен кездесті.

Сая Махамбетқызы –  еліміздің танымал әншісі, сонымен қатар Оқушылар сарайының «Шабыт» эстрадалық балалар үйірмесінің жетекшісі. Бүгінде Сая Махамбетқызының шәкірттері республикалық ғана емес, халықаралық жарыстардың жүлделі иегерлері атанған.

 Кездесу барысында әнші өзінің шығармашылық жолындағы қызықты оқиғалары мен кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Ал, «Шабыт» эстрадалық балалар үйірмесінің дарынды оқушылары тыңдарманды патриоттық әндерімен қуантты.

Сая Махамбетқызына барша жас әншілеріміз бен ұйымдастырушылар атынан ізгі ниетімізді білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!