ТАЛАНТТАР БАС ҚОСҚАН КӨРМЕ

2024 жылдың ақпан айының 3 жұлдызы күні Оқушылар сарайында Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында «Қолөнер» және «Жас суретшілер» балалар бірлестіктерінің оқушылары авторлық туындыларынан көрме ұйымдастырды.

Аталмыш көрмеге оқушылардың достары мен ата-аналары қатысып, әртүрлі қызықты жанрдағы туындыларды тамашалады. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналары бірлестіктің жетекшілері Кәдір Әсел Дәулетқызының «Ермексаздан панно жасау» және Болатова Раушан Қабылбековнаның «Гофра қағаздан гүл шоғын жасау» тақырыбында өткізген шеберлік сабақтарына қызыға қатысты.

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» демекші, халықтық өнерді жалғастырып жүрген Оқушылар сарайының дарынды оқушыларына шығармашылық табыстар тілейміз!