Үздіктер “Жас Ұлан” мен “Жас Қыран” қатарына қабылданды

Үздіктер “Жас Ұлан” мен “Жас Қыран” қатарына қабылданды
 
​Оқушылар сарайында карантин кезінде де дәстүрге айналған озық іс-шаралар жалғасып жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен дәстүрлі  “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” көшбасшыларының қатарына  қабылдау рәсімін санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өткізіп отырмыз.  Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, іс-шара қашықтан өткізілді.
 
 
​ ББЖҰ қатарына  Алматы қаласы мектептерінің 2-9 сыныптарында оқитын  570 оқушысы қосылды.​ ​ ​ ​ ​Жас ұрпақ бойына​ ​Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді дарытатын, мықты  рух қалыптастыратын, ұлттық  тәрбие мен сапалы  білімге бастайтын ұйымның қатары нағыз отаншыл ұрпақпен толықты.
Аталмыш  іс-шараның құрметті қонағы болған Алматы қаласы адамгершілік-рухани тәрбие және өзін – өзі тану бөлімінің басшысы- Нұргүл Тауқызы,
Медеу аудандық мәдениет бөлімінің басшысы- Айдар Айдарқұлов,
“Nur Otan” партиясы Медеу филиалы төрағасының орынбасары –  Олжас Шәріпов,
Алматы қаласы “Жас Ұлан” ББЖҰ төрағасы –  Ғалым Қожамбір еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа ыстық лебіздерін білдірді.