ЕРДЕН ЖАКСЫБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мемлекеттік тілде «Әншуақ» балалар фестивалі аясында 2024 жылдың 7-ақпан күні Оқушылар сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі барысында белгілі актер, әнші  Ерден Жаксыбековпен кездесу ұйымдастырды.Ерден Жақсыбеков – актер, әнші. Ол 2017 жылдың 16 тамызынан бастап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері ретінде қызмет етіп келеді.Жастайынан өнерге құштар болып өскен актер осы уақытқа дейін көрермен көзайымына айналған. Ол С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасында – Есікбай рөлін, С.Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» туындысында – Алматтың, Р.Отарбаевтың «Ғабит» шығармасында – Ілияс, Ақанды сомдаса, Ж.Әлікеннің «Құпия» драмасында – Студентті, А.Көлбаеваның «Аманат» концерт-спектаклінде – Жас Абайды сәтті ойнап шықса, І.Жансүгіровтің «Құлагер» тарихи драмасында – Баланы сомдаған. Актер бұдан да басқа түрлі рөлдерде сәтті ойнап, қазақ театры сахнасының төрінде жарқыраған. Сонымен қатар, Ерден Жақсыбеков балаларға арналған спектакльдерде:Ә.Байболдың «Әріптер әлеміне саяхат» шығармасында – Жақсыбекті, Г.Х.Андерсен, Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» ертегісінде – Кайды сомдаса, орыс халық ертегісі «Туған күнде» –  Қылжақбас рөлін ойнаған. Болашақ әріптестерімен өнердегі қызықты оқиғалары мен кәсіби шеберліктерін ашық бөліскен актер, біздің Оқушылар сарайының дарынды тәрбиеленушілеріне риза болып, кездесу ұйымдастырғандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, әнші кездесу соңында әуезді әнін шырқап, көрермендерге көңілді көңіл-күй сыйлады.Дарынды әншімізге барша жас әншілеріміз бен ұйымдастырушылар атынан ізгі ниетімізді білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!