15- наурыз күні Оқушылар сарайының «Арай» жоғары сынып оқушылар клубы Алматы қаласындағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығында «Масленица» мерекесін өткізді. Арайлықтар орталықтағы аталар мен әжелерге өз өнерлерін көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында ән де шырқалып, би де биленді. Клуб жетекші Оксана Витальевна бастаған топ қарттардың ыстық ықыласына ие болды. Өз кезегінде қарттар кеш үшін алғыс білдіріп, балаларға зор денсаулық тіледі.
Author: Арман
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ
18 Наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай еліміздің Наурызнама онкүндігі аясында Оқушылар сарайының қызметкерлері ұлттық киім үлгісімен атаулы күннің бастамасына қолдау көрсетті.
Бұл күннің негізгі мақсаты – наурыз мерекесін ұлықтау һәм ұлттық құндылығымызды насихаттап, киімдеріміздің танымалдылығын арттыру.
ЖАС ӘНШІЛЕРІМІЗДІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебінің оқушылары Бостан Нұрболат және Кенжебек Заңғар «Армысың ,Әз Наурыз» республикалық балалар байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясының ГРАН-ПРИ иегерлері атанса, Тоқтан Ақтан 1-орынға ие болды.
Сондай-ақ, Қанапия Омар мен Нұрмолда Ақтоты республикалық “Тайжарыс” байқауының Бас жүлдесіне ие болып, жеңіс туын тағы тікті.
Дарынды оқушыларымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!
«АҚ ШАҒАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Аталмыш конкурс оқушылардың хореографиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды бойларына қалыптастыру және ең бастысы, қазақ халқының және өзге этностардың би мәдениетін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған.
Мың бұралған бишілеріміз ұлттық және заманауи бағыттағы билерді билеп, көрермен қошеметіне ие болды. Сайыс соңында өнерпаздарымыз жүлделі орындарды қанжығалырына байлап, нағыз кәсіби бишілер екендерін көрсетті.
Ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарауды үйретуге бағытталған «Ақ шағала» республикалық хореография фестиваль-байқауына қатысқан барша қатысушыларға алғысымызды айтамыз!
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН»
14-наурыз күні Оқушылар сарайында «Менің отаным – Қазақстан» атты қалалық туристік-өлкетану слеті өтті.
Аталмыш слеттің мақсаты: балалардың азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында сарайымыздың жас бишілері мен әншілері көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Марапаттау рәсімінде Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің жетекшісі Ренат Равильевич жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, барша қатысушылар мен олардың жетекшілеріне сертификаттар табыстады.
«АЛТЫН ҚАЗЫНА» КӨРМЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Оқушылар сарайының көрме залында «Алтын Қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме байқауы өтті.
Көрменің мақсаты – оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мәдени құндылықтарға араластыру.
Байқауға қатысқан алматылық оқушылар өздерінің нағыз қолөнер шеберлері екендерін дәлелдеп, түрлі туындыларды көрмеге ұсынды.
Шара соңында жеңімпаздар мен барша қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Шығармашылықтарыңыз табысқа, еңбектеріңіз жетістіктерге ұлассын!
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Тарихы мен тәрбиелік мәні тереңде жатқан Көрісу күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
Бұл мерекеде қыстан аман шыққан ел бір-бірін көктемнің сәтті келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, үлкендерге құрмет көрсетеді.
Оның басты талабы – үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, әлсізге қолдау, кедейге көмектесу. Бұл күні жасы кішілер үлкендермен амандасып, қол алысып, құшақтасады.
Оқушылар сарайы қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлей отырып, барша қауымды осы тамаша күнмен шын жүректен құттықтайды!
ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР МЕРЕКЕСІ
Оқушылар сарайының «Арай» жоғары сынып оқушылар клубы 8-наурыз мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлдар мен қыздар» атты концерт өткізді.
Бұл мерекенің мақсаты – клуб мүшелерінің бір-біріне деген жанашырлықтары мен алғысын ән мен би арқылы жеткізу.
Арулар мерекесіне арнайы ұйымдастырылған қызықты концертте аталмыш клубтың ұл-қыздары өз номерлерін ұсынып, барша көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мерекені ұйымдастырған клуб жетекшісі Оксана Витальевна мен оның өнерлі тәрбиеленушілеріне алғысымызды білдіреміз!
Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
2024 жылдың 8-наурызында Оқушылары сарайы Медеу ауданы әкімшілігімен бірлесе «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай мерекелік концерт өткізді.
Іс-шара «OPEN AIR» форматында ұйымдастырылып және түрлі белсенді аймақтарды қамтыды. Мерекеге арнайы сауда қатарлары мен ойын және фотоаймақтар қойылды.
Мерекелік концертке 1000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, көктемнің алғашқы әрі ең нәзік мерекесі –Халықаралық әйелдер күніне арналған көңілді атмосфераны тамашалады!
Барша нәзік жандыларды келіп жеткен мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық тілейміз! Мереке құтты болсын!
Көктемнің ең тамаша мейрамы – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, шаттық, болашаққа зор сенім мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Көктем мерекесі баршаңызға аманшылық, махаббат пен бақыт сыйлап, шығармашылық шабыт пен игі істердің бастамасы болсын!