Author: Арман

САЯ МАХАМБЕТҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған мемлекеттік тілде «Әншуақ» балалар фестивалі аясында  2024 жылдың 14-ақпан күні Оқушылар сарайының  Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігінде оқушыларымыз әнші  Сая Махамбетқызымен кездесті.

Сая Махамбетқызы –  еліміздің танымал әншісі, сонымен қатар Оқушылар сарайының «Шабыт» эстрадалық балалар үйірмесінің жетекшісі. Бүгінде Сая Махамбетқызының шәкірттері республикалық ғана емес, халықаралық жарыстардың жүлделі иегерлері атанған.

 Кездесу барысында әнші өзінің шығармашылық жолындағы қызықты оқиғалары мен кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Ал, «Шабыт» эстрадалық балалар үйірмесінің дарынды оқушылары тыңдарманды патриоттық әндерімен қуантты.

Сая Махамбетқызына барша жас әншілеріміз бен ұйымдастырушылар атынан ізгі ниетімізді білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕЙІК!

Оқушылар Сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында«Ақ киіз» балалар бірлестігі «Ұлттық нақышта киіз басу» атты шеберлік сынып өткізді.

Шеберлік сыныпта ұстаздар мен оқушылар киіз басу әдісі арқылы жүнмен жұмыс жасады. Қазақ халқының әртүрлі оюларымен танысып, олардан әшекейдер, сөмкелер, тақиялар мен киізден төсеніштер жасап, олардың жасалу жолымен бөлісті.

«Мұндай ғажайып жұмыстарды жасау адамның эмоционалдық жағдайына ғана емес, физикалық жағдайына да өте пайдалы. Балалар киіз басу арқылы өз қиялын, шығармашылық ойлауы мен көркемдік талғамын дамытады. Ең бастысы олар халқымыздың ұлттық қолөнерін дамытып, рухани құндылықтарды бойларына сіңіреді»,- дейді аталмыш бірлестіктің оқытушылары.

Балалар бірлестік педагогтері Бахытжан Турдахуновна мен Улболсын Бақтыгалиқызымен бірге осы уақытқа дейін әртүрлі қолөнер туындыларын жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүр!

Сіз де рухани құндылықтарды бойыңызға жинап, киізден түрлі туындылар жасағыңыз келсе, біздің «Ақ киіз» үйірмесіне жазылыңыз!

ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Біздің “Балдәурен” балалар бірлестігінің командасы “Алатау Айбыны” республикалық байқауында жеңіске жетті.

Бұл қызықты да, тартысқа толы жарыста Қали Томирис, Мажит Нұрайна, Жолдыбаева Амири, Тұрдалы Дастан және Жарылқасын Данғар мен Әбдіхасан Нұрғиса бірінші орынды иеленсе, Таңнур Адель лайықты екінші орынға иеленді. Ал, біздің өнерлі тәрбиеленушіміз Гончарук Владимир аталмыш байқауда Гран При иегері атанды.

Ән байқауының жарық жұлдыздарын кезекті жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

«МҰҚАҒАЛИ – ҒАСЫР АҚЫНЫ»

Оқушылар сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында 9-ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты — ақынның туындылары арқылы оқушыларды әсемдікке, ұлтжандыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Сабақ барысында №108 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ақынның шығармашылығынан «Ғашықпын», «Пай,пай, Өмір!», «Жетімдер үні», «Ауылды аңсадым», «Ей, өмір» атты өлеңдерін оқыды.

Қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақыны Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт» әнін оқушыларымыз хормен орындап, ақынның түрлі тақырыптағы туындыларын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, сабақтың соңында оқушылар лирик ақынның сөзіне жазылған «Ұнатамын мен сені» әніне би биледі.

ЕРДЕН ЖАКСЫБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мемлекеттік тілде «Әншуақ» балалар фестивалі аясында 2024 жылдың 7-ақпан күні Оқушылар сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі барысында белгілі актер, әнші  Ерден Жаксыбековпен кездесу ұйымдастырды.Ерден Жақсыбеков – актер, әнші. Ол 2017 жылдың 16 тамызынан бастап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері ретінде қызмет етіп келеді.Жастайынан өнерге құштар болып өскен актер осы уақытқа дейін көрермен көзайымына айналған. Ол С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасында – Есікбай рөлін, С.Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» туындысында – Алматтың, Р.Отарбаевтың «Ғабит» шығармасында – Ілияс, Ақанды сомдаса, Ж.Әлікеннің «Құпия» драмасында – Студентті, А.Көлбаеваның «Аманат» концерт-спектаклінде – Жас Абайды сәтті ойнап шықса, І.Жансүгіровтің «Құлагер» тарихи драмасында – Баланы сомдаған. Актер бұдан да басқа түрлі рөлдерде сәтті ойнап, қазақ театры сахнасының төрінде жарқыраған. Сонымен қатар, Ерден Жақсыбеков балаларға арналған спектакльдерде:Ә.Байболдың «Әріптер әлеміне саяхат» шығармасында – Жақсыбекті, Г.Х.Андерсен, Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» ертегісінде – Кайды сомдаса, орыс халық ертегісі «Туған күнде» –  Қылжақбас рөлін ойнаған. Болашақ әріптестерімен өнердегі қызықты оқиғалары мен кәсіби шеберліктерін ашық бөліскен актер, біздің Оқушылар сарайының дарынды тәрбиеленушілеріне риза болып, кездесу ұйымдастырғандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, әнші кездесу соңында әуезді әнін шырқап, көрермендерге көңілді көңіл-күй сыйлады.Дарынды әншімізге барша жас әншілеріміз бен ұйымдастырушылар атынан ізгі ниетімізді білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

ТАЛАНТТАР БАС ҚОСҚАН КӨРМЕ

2024 жылдың ақпан айының 3 жұлдызы күні Оқушылар сарайында Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында «Қолөнер» және «Жас суретшілер» балалар бірлестіктерінің оқушылары авторлық туындыларынан көрме ұйымдастырды.

Аталмыш көрмеге оқушылардың достары мен ата-аналары қатысып, әртүрлі қызықты жанрдағы туындыларды тамашалады. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналары бірлестіктің жетекшілері Кәдір Әсел Дәулетқызының «Ермексаздан панно жасау» және Болатова Раушан Қабылбековнаның «Гофра қағаздан гүл шоғын жасау» тақырыбында өткізген шеберлік сабақтарына қызыға қатысты.

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» демекші, халықтық өнерді жалғастырып жүрген Оқушылар сарайының дарынды оқушыларына шығармашылық табыстар тілейміз!

БІЗДІҢ ҮЗДІКТЕРДЕН КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ

Алматы қаласының төрінде өткен “Зимняя фантазия” Халықаралық балалар шығармашылығы байқауында Оқушылар сарайының Жас суретшілер” балалар бірлестігінің оқушылары лауреат атанып, жүлделі орындарға ие болып, жарық жұлдыз екендіктерін дәлелдеді. Атап айтсақ, 1-орынды 14 жастағы Жабағиева Марзия, 2-орынды небәрі 9 жастағы кішкентай Сүлейман Әмір жеңіп алды.

Сонымен қатар, тәлімгеріміз Төлеуғазы Ералы республикалық “IQ-STAR” байқауында бас жүлдені жеңіп алып, Дубайда өтетін фестивальге жолдама жеңіп алды.

Барша жеңімпаздарды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА!

2024 жылдың қаңтар айының 27 жұлдызында “Оқушылар сарайы” РМҚК, Балалар музыка мектебінде “Терме” сыныбының оқытушысы Искаков Ж.М. класстық концерті өтті.

Аталмыш класстық концерт аясында оқушылар арасынан “Жыл үздігі” анықталды. Тарқата айтсақ, үздік оқығаны және қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін Сейділда Альбауыр үздік деп танылып арнайы жасалған домбырамен және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, осындай мәтінмен Ақанғали Ералы мен Иманали Ақназарға диплом мен сыйлық табысталды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сыйлап жүрген жас дарындыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС СПОРТШЫЛАР!

2024 жылдың 20-қантар күні Оқушылар Сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық туризмнің элементтері бойынша жарыстар өтті.

Спорт сүйер барша жеткіншектер шараға қызығы да қуана қатысып, белсене ат салысты. Аталмыш шараға қатысушы жас спортшыларымыз 5-11 сынып оқушылары.

Тартысты өткен жарыста “Жас туристер”, “Жаяу туризм”, “Тау туризм” үйірмесінің оқушылары мен Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымының, облыстық №2, №3 арнайы мектеп-интернатынан ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты.

Шараға соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар табысталды.

«АРАЙ» КЛУБЫНА 37 ЖЫЛ

2024 жылдың 20-қаңтар күні «Арай» жоғары сынып оқушыларының клубы өзінің 37 жылдық мерейтойын атап өтті.
Ауқымды деңгейде аталып өткен мерекелік кешке клуб мүшелерінің ата-аналары, аталмыш клубты үздік түлеп шыққан түлектері мен олардың көңілді достары қонақ болды.
Біздің дарынды жоғарғы сынып оқушылар клубы «Армандар қайда жетелейді» спектаклін дайындап, арманның күші туралы ойларымен бөлісті.
Осы таңғажайып күнді «Арай» жоғары сынып оқушыларының клубымен бірге бөліскендердің барлығына алғыс айтамыз! Жасай бер, Арай!