Author: Арман

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің оқушылары табиғат аясында денсаулық фестивалін өткізді.

Фестивальде спортшыларымыз 500 м қашықтыққа  жүгіру марафонына қатысты. Кәсіби спортшылардан кем түспейтін жас спортшы достарымыз мәреге тез-ақ жетті.

Әртүрлі орындарға ие болған оқушыларымызға  алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтар табысталды.

ЭКОЛОГИЯ-БИОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ КҮЗГІ БАЛ ӨТТІ

2023жыл 2-қараша күні  Оқушылар сарайының Экология-биологиялық бөлімі жас табиғат сүюшілер арасында Күзгі бал өткізді.

Күз ғажайыптарының әсемдігін сахнада көрсетіп, көрермен қошеметтеріне ие болған оқушыларымыз мерекелік іс-шараға белсене ат салысты. Әншілеріміз жанды дауысты ән шырқап, бишілеріміз мың бұрала билеп сахнаның көркін қыздырды.

Шара соңында балалар түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, көрермендерден дауыс жинау арқылы Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын таңдады.

ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ «ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗЫ» ЖУРНАЛЫНДА

«Қазақстан ұстазы» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналының толық бір саны Оқушылар сарайының ұстаздарының мақалаларымен жарыққы шықты.

«Қазақстан ұстазы» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналы – республикамыз бойынша әртүрлі тақырыпта ұстаздардың мақалалары мен әдістемелік құралдарын үнемі жариялап отыратын педагогикалық журнал. Журнал оқырмандарының арасында өте танымал әрі пайдалы.

Осындай танымал журналдың толық бір санына біздің оқытушылармыз өздерінің пайдала мақалаларын жариялады. Олардың жазған әртүрлі тақырыптағы мақалалары ұстаздарға, оқушылар мен студенттерге пайдасы мол.

Сондай-ақ, журналдың бас редакторы әр оқытушымызды арнайы дипломдармен марапаттады. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, аяулы ұстаздар!

Журналдың толық санын төменде оқи аласыздар:

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ОҚЫТУШЫСЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН  АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Монғолия республикасы Баян Өлгий өңірінде 4-12 тамыз аралығында тоғызқұмалақтан өткен   Азия чемпионатында, Оқушылар сарайы “Тоғызқұмалақ” балалар бірлестігінің педагогы Айтбаев Рахат Садуакасович жүлделі І орынға ие болып, Азия Чемпионы атанды.

Ұлттық ойынымызды дәріптеп, Азия елдерінің алды болған  жаттықтырушымызды жүлделі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!  

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДАРЫНДЫЛАРЫ  «ӘНШІ БАЛАПАН» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

«Әнші балапан» — халықаралық өнерлі балалар фестивалі биыл өзінің 33 жылдық мерейтойын тойлауда.

Әр баланың қарым-қабілетін дамытып, үлкен сахнаға жол сілтеген фестивальге Оқушылар сарайының жас әншілері де қатысты. «ШАБЫТ» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің арнайы іріктеуден өткен 12 оқушысы сахнаның сәнін келтіріп, көрермен қошеметіне ие болды.  Іріктеуді «Әнші балапан»  фестивалінің бас редакторы Джанчурина Роза Назимовнаның өзі өткізді.

            «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің  шәкірттерінің барлығы арнайы дипломдармен марапатталып,  жетекшілері Сая Махамбетқызы  «Үздік жетекші» номинациялы дипломына ие болды.

Оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Ауқымды фестивальді «Хабар», «Домбыра» сынды ұлттық телеарналар түсіріп, балалардың өнерлерін зор ықыласпан тыңдады.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ «АРАЙ» КЛУБЫ  ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 «Уақыт» республикалық қоғамдық-саяси газеті Оқушылар сарайының “Арай” жоғары сыныптар клубының өнерлері туралы  мақтана хабарлайды.

Бүгінде “Арай” жоғары сыныптар клубы жасөспірімдердің жеке басының жан-жақты дамуына жағдай жасап, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытып, нағыз таланттарды тәрбиелеп отыр. Өнерпаздарымыз туралы білгісі келген «Уақыт» республикалық қоғамдық-саяси газетінің журналисті Юлия Зенг клуб жетекшісі Лаврушенко Оксана Витальевнадан арнайы сұхбат алды.

Қазір Оқушылар сарайында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты арайлықтар уақытша шағын үй-жайларға көшті. Үйірмеге тұрақты және белсенді 65 адам барады. Сабақ барысы қызу әрі қызықты. Мәселен,  оқушылар негізгі сабақтардан басқа айына бір рет сценарий жазып, таңдалған тақырып бойынша пьесалар қояды.

 Сұхбат барысында Оксана Витальевна: «Қазір үйірмеге келетін жасөспірімдердің көпшілігі 90шы жылдардағылардың балалары. Олар да балаларына көп жағдайда ескі заманның қағидаларын орнатады. Ал, жасөспірімдер үшін өтпелі кезең – өмірлерінің үлкен этаптарының бірі. Бұл жаста балалар көбінде өз-өздерін іздейді»,- дейді клуб жетекшісі.

Жаңалықпен танысып, сұхбатты толық оқу үшін:

https://time.kz/articles/chastnyj/2023/10/25/tajnyj-orden-starsheklassnikov

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

Оқушылар сарайының талантты ұл-қыздары  «Уақыт» республикалық қоғамдық-саяси газетінің төрінде.

Тарқата айтсақ, күні кеше сарайымызда республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауы өткен болатын. Ол туралы дейді  «Уақыт» республикалық қоғамдық-саяси газетінің журналисті Юлия Зенг хабарлайды:

«Сахнада өмірдегідей!..» Алматыдағы Оқушылар сарайында әрдайым талантты балалардың өмірі қызыққа толы өтеді. Дарынды балалардың дарынын одан әрі дамытып келе жатқан ұстаздардың еңбегінің нәтижесі –  өнерпаз шәкірттері. Сарайдың осындай шуақты күндерінің бірі «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауына арналды. Еліміздің 17 облысының жиналған театр тарландары әртүрлі тақырыптарда қойылым қойып, халықты өнерлерімен тәнтті етті.

Шығармашылық байқауда  бірнеше номинациялар болды. Олар: декламация және музыка, драмалық, қуыршақ және пластикалық қойылымдар, мюзиклдер, балет және опера. Шынайы таланттарды анықтаған байқаудың қазылар алқасы оқушылардың алдағы уақытта еліміздің жарық жұлдызы атанатындарына сенімді екендерін айтты».

Мақаланың толық нұсқасын оқу үшін:

https://time.kz/articles/reporter/2023/10/17/na-stsene-kak-v-zhizni

КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


«Жасай бер, Республикам!» байқауының жеңімпаздары анықталды. Естеріңізге салсақ, Оқушылар сарайы ұлттық мереке – Республика күніне орай байқау жариялаған болатын. Еліміздің рухы биік, өршіл намысты жас дарындары ұлт зиялыларының өлеңдерін тебірене оқып, нағыз патриот екендерін көрсетті.

Жеңістерің құтты болсын, жас қырандар

АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК ҮЙІРМЕСІ ЖАС ТАЛАНТТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Алақай! Оқушылар сарайы 7 жастан 16 жас аралығындағы таланттардың  дарындарын шыңдап,  нағыз актер атандыратын үйірмеге шақырады!

Театр әлемінің қызығына еніп, халықты өнерімен баулайтын болашақ жұлдыз атаңғың келсе, біз сені қуана қарсы аламыз!

Онлайн өтінім бері үшін: https://bilimalmaty.kz/

МЕКЕНІМ – ҚАЗАҚСТАН!

Ұлтымыз үшін маңызы зор күн – Республика күні құтты болсын!

Осындай маңызды күнде Оқушылар сарайының Ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің оқушылары халқымызды Республика күнімен құттықтады.

Республикамыздың гүлденуі мен өркендеуі сендердің қолдарында, жас қырандар