Author: Арман

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТУДЕ

25 қазан Ұлттық мереке – Республика күніне орай Оқушылар сарайы басшысы А.Б. Байсымақова қызметкерлер мен оқытушыларды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

А. Болатбекқызы қызметкерлердің мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі жолында атқарған еңбектерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, өз сөзінде: «Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, құт-береке тілеймін» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Іс-шара мерекелік көңіл күйде жалғасын тауып, патриоттық сезімге толы әндер шырқалды.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ӨЗ ТАЛАНТТАРЫМЕН МАҚТАНАДЫ

Оқушылар сарайының білім алушысы Гусейнов Арслан  XI Халықаралық көпжанрлық «ASTANA GRAND-PRIX» онлайн байқауында Гран-при иегері атанды. 

Жетекшісі Шагарова Анжела Александровна да ұйымдастырушы тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.

Жезтаңдай әншіміз Арсланды жеңісімен шын жүректен құттықтай отыра, өнер жолына шығармашылық табыс тілейміз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2023 жылдың 16-қазанында Астана қаласында  Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған Қазақстан орындаушыларының республикалық байқауы өтті.

          Байқауда Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің оқушылары бірінші дәрежелі дипломға иеленді. Атап айтсақ, Гусейнов Арслан – вокал, Хан Ева және Хан Вероника – саксофон, Аздер Іңқәр, Сәдуақас Абылай, Сафиев Дамир, Қарабалин Абдукарим – домбыра, Мурзадилов Абай – фортепиано бағыты бойынша жүлделі орындарға ие болды.

          Сонымен қатар, оқытушылар Шағарова Анжела, Бемм Артур, Ақбаев Айман, Абикешева Райхан, Астафьева Василий және сүйемелдеушілер Яновец Елена және Скрипченко Елена педагогикалық шеберлігі үшін дипломдармен марапатталса, оқытушы Хан Лилия Рашидқызы  «Классикалық және джаз сольфеджиосының параллельдері» атты әдістемелік жұмысы үшін 1-дәрежелі лауреат дипломым иеленді.

          Оқытушыларымыз бен оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ

Оқушылар сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімі “Жас домбырашы”, “Шабыт” балалар бірлестігінің білімалушылары республикалық “Жас дарын” сайысында жүлделі орындарға ие болды.

“Жас дарын”  республикалық жарысы 2023 жылдың қазан айының 8ші жұлдызында Алматы қаласында өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен таланттар жиналған сайыста, Төрехан Оразұлы мен Сая Махамбетқызының  оқушылары бас жүлделер мен бірінші орындарды қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, домбырашылардың дарындарын шыңдай түскен ұстазы Көркемөнер бөлімі “Жас домбырашы” балалар бірлестігінің педагогы Қажығали Төрехан Оразұлына “Үздік ұстаз” төсбелгісі табысталды. Шәкірт тәрбиелеп, жас өнерпаздардың бейімі мен талпынысын арттырған ұстаздарымызға алғыс айтамыз. 

Ал, сарайымыздың жарық жұлдыздарын  жеңістерімен құттықтай отыра, алдағы өнер жолдарына ақ жол тілейміз! Қанаттарын талмай, биіктерге шырқандар, жас домбырашылар!

Мақтаныштарымыздың есімдері мен жүлделі орындарымен таныс болайық:

“Жас домбырашы” балалар бірлестігі:

  • Сіләмқақ Аят – Бас Жүлде
  • Абишева Дамели – Бас Жүлде
  • Абдрахманов Дамир – Бас Жүлде
  • Гончарук Владимир – 1-орын
  • Самархан Рахымжан –  1-орын
  • Шарипканов Алихан –  1-орын
  • Менисов Санжар –  1-орын
  • Нұрболатұлы Ибрахим –  1-орын
  • Аманжолова Алуа – 2-орын
  • Какимов Елдос – 2-орын
  • Жолдыбаева Амири –  2-орын
  • Молдабек Асет –  2-орын
  • Жарылқасын Даңғар –  2-орын
  • Сәукен Мариям –  2-орын
  • Асланқызы Көркемай –  2-орын
  • Абдиев Зұлхар –  2-орын
  • Керімбай Ақберен – 2-орын
  • Талғат Қарақат –  2-орын

“Шабыт” балалар бірлестігі:

  • Қанапия Омар – Бас жүлде
  • Нұржан Альфия – Бас жүлде
  • Майдан Аймауыт –  Бас жүлде
  • Нұрболатұлы Мәди – Бас жүлде
  • Тұрдалы Дастан – Бас жүлде
  • Абдрашид Рабия –  Бас жүлде
  • Рахман Али “Жеті Ата” –  Бас жүлде
  • Абилда Айша  -1-орын
  • Тұрдалы Сүлеймен – 1-орын
  • Мейрамбек Нұрғасыр- 1 орын
  • Нұрмолда Ақтоты –  1-орын
  • Беркімбай Айзере 1 орын
  • Сымағұл Бағдар  – 1-орын
  • Кешубай Керімсал  – 1-орын
  • Алик Елдар  – 1-орын
  • Пшан Ханшайым –  1-орын
  • Абылқасым Айару –  1-орын
  • Рахат Інжумаржан –  1-орын
  • Дүйсенбай Тимур –  1-орын
  • Аблаким Аяулым –  1-орын
  • Бостан Нұрболат –  1-орын
  • Парахат Ерсұлтан  -1-орын
  • Райымбек Жанель   -1-орын
  • Нұртай Айдана -1-орын
  • Табықан Сандуғаш -1-орын
  • Боранбаев Мағжан -1-орын
  • Исабекова Алина  -1-орын
  • Елубай Айасыл -1-орын
  • Қайбрахман Айғаным -1-орын
  • Әлібек Ерасыл -1-орын
  • Құрманғали Кәусар Асхатқызы -1-орын
  • Есіркеева Адель -2-орын
  • Кешубай Айнамкөз – 2-орын
  • Асқарбек Арай 2-орын
  • Абилда Алдияр –  2-орын
  • Тұрдалы Ислам –  2-орын
  • Мейрамбек Жанайым –  2-орын
  • Ақжігітов Диас –   2-орын
  • Ерланқызы Арай, Ерланқызы Нұрай (дуэт) – 2-орын
  • Құрманғали Арнұр Асхатұлы  -2-орын
  • Қайыржанқызы Саяжан –  2-орын
  • Қыйзат Нұрқадыр – 3-орын
  • Нұржан Аягөз –  3-орын
  • Болат Балым –  3-орын
  • Шайзат Каусар – 3-орын

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

” ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

            Оқушылар сарайында 2023 жылдың қазан айының 12сі мен 15ші жұлдызы аралығында  үздік таланттарды бір сахнаға жинаған «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауы  өтті.

            Бұл бірегей шара республиканың түкпір-түкпірінен келген таланттарды біріктіріп, театрдың қайталанбас атмосферасын қалыптастырды. Аталмыш фестиваль театр әлемінің байлығын көрсетуге және баршаны шығармашылықтың жаңа биіктеріне шабыттандыруға арналған.

            Байқауға еліміздің 17 облысының таланттары жиналып, барлығы 153 қатысушы қатысты. Өнерпаздар “Өрнек” лагеріне жайғасып, байқауға дайындықтарын пысықтады. Олар түрлі жанрдағы (музыкалық опера, балет, мюзикл, би, драмалық және қуыршақ) театр қойылымдарын, сондай-ақ әдеби-музыкалық композицияларды орындады.

            Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді:

            Гран-при — Ақтөбе облысы, «Жалын» театр ұжымы;

            1-орын – Алматы қ. “Экспромт” театр ұжымы; Шымкент қ. «Шабыт» театр ұжымы;

             2-орын – Қарағанды ​​облысы, «Жалын» театр ұжымы; Алматы облысы, «Жас талап» театр ұжымы;

            3-орын – Шығыс Қазақстан облысы, «Өнер әлемі» театр ұжымы; Павлодар облысының «Маска» театр ұжымы және Ұлытау облысының «Ұлар» театр ұжымы.

            «Үздік әйел рөлі» — Қонысбек Ақгүлім, Қостанай облысы;

            «Үздік ер адам рөлі» – Амангелді Нұрдәулет, Атырау облысы;

            Кейіпкердің ең үздік актерлік бейнесі – Марат Расул, Жамбыл облысы;

            Көркем сөз – “А. Q” театр ұжымы, Астана қ.

            Байқауға қатысқан жас таланттарға барша ұжым атынан алғыс білдіреміз. Болашақта үлкен сахналарда көрінетін жарық жұлдыз болуларына тілектеспіз!

БАЙҚАУ, БАЙҚАУ,БАЙҚАУ…

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ 25 ҚАЗАН – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ “ЖАСАЙ БЕР, РЕСПУБЛИКАМ!” АТТЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Байқаудың мақсаты: оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Байқау шарттары:

– қазақ әдебиеті жазушыларының “Туған жер, Отан, Республика” тақырыбындағы 3-4 шумақтан тұратын өлеңдерін жатқа айту;

– видеоны жүктеген кезде төменде көрсетілген арнайы #jasaiberRespublikam  арнайы хэштегін мен @dvoreс_almaty ресми инстаграм парақшасын белгілеу;

– өлеңдерді  қазақ, орыс  тілінде орындауға болады.

Байқау жеңімпаздары  25 қазан – Республика күні қарсаңында анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ендеше, ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезімдерін қалыптастыратын байқауға қатысып, елімізге деген құрметімізді  көрсетейік!

ДӘСТҮРЛІ ОҚУ ФОРМАТЫ ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТА БАСТАЛМАҚ

Биыл 40 жыл мерейтойын атап өткен Оқушылар  сарайы  оқу жылын онлайн форматта бастаған болатын. Оның басты себебі, сарайдағы күрделі құрылыс жұмыстарының жүргізілуінде.

          Қосымша білім беру және мәдени іс-шаралар орталығы ретінде қызмет ететін тарихи ғимарат жөндеу жұмыстарының арқасында қайта жандануда. Бұл туралы Оқушылар сарайының директоры Айгүл Болатбекқызы хабарлайды. “Қазіргі уақытта сарайда жаңғыртудың ең маңызды кезеңдерінің бірі аяқталып, одан кейін инфрақұрылым толығымен жаңартылған соң, обсерватория өз жұмысын дәстүрлі оқу форматында қайтадан бастайды. Жаңа инновациялық бағыттар ашылып, балаларды қосымша біліммен одан әрі қамту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады. Ең бастысы, сарай өзінің тарихи келбетін сақтап қалады”,-дейді А. Болатбекқызы

          Сарайды жаңғыртудың барлық мәселелері қала басшылығының тұрақты назарында. Қазан айының басында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сарайда болып, ұжымды 40 жыл мерейтойымен құттықтады. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан әкім барлық іс жоғары сапалы деңгейде жүргізілуін, оқушыларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті.

БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Оқушылар сарайы Көркем және қолданбалы өнер бөлімі “Вокал” балалар бірлестігінің педагогы Даутов Тұрғынәлінің  шәкірті  Қайтпас Айару Республикалық “Жас дарын” байқауынан жүлделі ІІ-орын иегері атанды.

Сондай-ақ, Көркем және қолданбалы өнер бөлімі “Шабыт” балалар бірлестігінің педагогы Сая Махамбетқызының шәкірттері:  Тұрдалы Дастан, София Балгазина, Мирас Максимов 6-қазан күні Алматы театрында Алматы қаласының әкімі ұйымдастырған “Ұстаздар мерекесі” мерекелік концертінде  өнер көрсетті. 

Республикалық деңгейде өз өнерімен халықты тәнті еткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқушылар сарайы директорының оқу  жөніндегі орынбасары Тагильцева Елена Дмитриевна “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

Елена Дмитриевна қосымша білім беру саласында 50 жылдан астам қызмет етіп, №12 балалар музыкалық мектебін  (қазіргі Оқушылар сарайы) 30 жыл басқарған ұстаз.  Елена Дмитриевнаның өзі осы музыкалық мектепті бітіріп, оның жетекшілігімен мектеп мұғалімдері еліміздегі атақты музыканттар мен композиторларды, музыка мектептері мен колледждерінің оқытушыларын тәрбиелеп, олардың әрқайсысының дарындарын ашты.

Сондай-ақ, Е. Дмитриевна мемлекет тарапынан бірнеше марапаттарға иеленген, атап айтсақ білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін “Білім беру ісінің үздігі”  медалі және  Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері атанған. 

Республикаға есімі танымал ұстазды жетістігімен шын жүректен құттықтай отыра, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы адал еңбегі үшін алғыс білдіреміз!

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА  СӘНДІК ҚҰСТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөлімінде сәндік құстардың көрмесі өтті.

Көрмеге Алматы қаласының тұрғындары және 300-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар жабайы және қолға үйретілген түрлі-түсті ерекше құстардың түрлерімен танысып ғана қоймай, олардың күтімі туралы  сан алуан ақпарат алды.

Құстар әлемін ұнататын балалар олардың әуезді әндерінен тыңдап, әсем қауырсындарын тамашалай алды. Сондай-ақ құстар биологиясы мен табиғатты қорғау бойынша дәрістер тыңдап, көрмені тек ойын-сауық қана емес, танымдық шараға айналдырды.

Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны аялауға және оларды қорғауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.