Author: Арман

“Нейротехнологии” зертханасының білім алушыларына арналған мастер-классты

“Нейротехнологии” зертханасының білім алушыларына арналған мастер-классты МФТИ қолданбалы кибернетикалық жүйелер зертханасының меңгерушісі, Bitronics Lab бас директоры, Нейронет салалық одағының тең төрағасы Берғалиев Тимур Қайратұлы өткізді.

Тимур Қайратұлы адамның биологиялық сигналдарын және жасанды интеллектін пайдалану саласындағы өзекті тақырыптарға тоқталды. Талқылалған тақырыптар балаларға бұл саладағы өз жобаларын жасау үшін жаңа идеяларды қалыптастыруға көмектеседі.

Алматы қаласы Оқушылар сарайының ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімі.

“Шахмат ойнау” челленджі

12 сәуірде Алматы қаласы Оқушылар сарайында үйірме білім алушыларының шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында “Тоғыз айға 9 іс-шара” тұжырымдасы аясында “Шахмат ойнау” челленджін өтті. Челленджге сарайдың педагогтары мен білім алушылары қатысады

«Алтын қазына» байқауының қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

«Алтын қазына» байқауының қазылар алқасы жіберілген жұмыстардың әрқайсысын қарап, әр номинация бойынша үздіктерді таңдайды. Жұмыстар Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме павильонында қойылған.
Білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан ары дамыту үшін жүйелі және мақсатты қызмет жасауға жағдайлар жасалған. Балалар рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді, көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығына қызығушылық артады, сондай-ақ қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнердегі халықтық дәстүрлер сақталады және елдің мәдени-тарихи мұрасы көбейеді. Балалардың бойында Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына деген патриотизм, құрмет пен ұқыптылық сезімдері оянады.

Алтын қазына

Алматы қаласы Оқушылар сарайы “Алтын қазына” көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме-байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті

Бүгін Алматы қаласы Оқушылар сарайында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті өтті. Слетті Сарайдың туристік өлкетану бөлімі өткізді. Қатысушылар «Жас өлкетану» номинациясының үш бағыты бойынша іздену және зерттеу жұмыстарын ұсынды:

  • «Сөнбейтін жұлдыздар»
  • «Туризм-спорт, сауықтыру, демалыс»
  • «Халық дәстүрі, әдет-ғұрпы мен өнері» Осындай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде балалардың бойында туған жердің тарихи естеліктері мен мәдени- рухани мұрасына құрметпен қараумен қатар патриоттық, азаматтық сезімдері қалыптасады.

Оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.

 Концерттік бағдарламаға Оқушылар сарайының білім алушылары арасынан жас әншілер, аспаптық және  би ұжымдары қатысты. Оқушылар сарайының алаңында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері, «Өнеркәсіптік дизайн», «VR/AR», «Ақ киіз», «Қолөнер» және басқа да балалар бірлестіктерінің танымдық шеберлік сыныптары өтті. Спорт сүйер қауым «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынына  қатысты.  Сонымен қатар, Оқушылар сарайының «Журналистика» зертханасының білім алушыларының фото жұмыстары қойылды.


Оқиғалар марафоны

Алматы қаласы Оқушылар сарайының жобалық пікірталас кеңсесі 2023 жылдың көктемін келесі оқиғалар марафонымен қарсы алады: 

  • Алматы қаласы Оқушылар сарайында Дебат кеңсесінің жобасының ашылуы – 2023 жылдың сәуір айы; 
  • 2023 жылдың маусым айында жазғы пікірсайыс академиясын өткізу; 
  • айналым бойынша турнирлерді өткізу – 2023 жыл сәуір айы; 
  • сәуір және мамыр айлары аралығындағы Алматы  қаласы бойынша мектептер мен колледждердің рейтингін әзірлеу;
  • 8 ауданның барлық үйлестірушілеріне екі тілде әдістемелік көмек, оффлайн тренингтер ұйымдастыру – 2023 жылдың сәуір-маусым айлары; – әлеуметтік желілерде оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың қала мен Республиканың пікірсайыс қозғалысы туралы ақпаратты уақытылы алуы бойынша жұмысты жаңарту – 2023 жылғы мамыр айы.

Туристік экспедициялықжасақтарының қалалық слеті

Алматы қаласы Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімі «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялықжасақтарының қалалық слеті наурыз айының 29 -да оқушылар сарайында келесі номинациялар бойынша өткізіледі: 1. «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» 2. «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс» 3. «Өшпес жұлдыздар» қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары 27 науырызға дейін sytour_almaty@mail.ru эл. поштасында қабылданады. Байланыс телефоны: 87053389991

Өсімдіктер экологиясы

Оқушыларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға мейірімді қарым-қатынасты, табиғатқа ұқыпты қарауды, жабық гүлдерге күтім жасауды, үй жануарларына күтім жасауды, құстардың өсуін бақылауды үйретеді. Оқушылармен бірлесіп жануарлар мен өсімдіктерді бақылау тәжірибесін жүзеге асыру, құстарға жем дайындау, ұя салу, көгалдандыруға белсенді қатысуға баулиды Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы оқушыларға өсімдік жүйелерін, өсімдіктердің әртүрлі дамуын білуге үйретуді тереңдетеді.  Оқушылар көрнекі құралдармен жұмыс істеуді, арнайы әдебиеттерді дұрыс пайдалануды, жабық гүлдерге күтім жасауды, оларды безендіруді үйренеді.

Ағатаева Гаухар

Білімі: Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті,”Биология” мамандығы

Жұмыс өтілі: 3 ай

Білім алушылардың жасы: 10-12 жас

Экологиялық практикум

“Экологиялық практикум” үйірмесінің міндеті экология бойынша белгілі бір білім көлемін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар табиғат құбылыстарын ғылыми талдау дағдыларын игеруге, қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылын түсінуге, табиғатқа практикалық көмектің маңыздылығын түсінуге ықпал ету болып табылады. Оқушыларда мұндай қасиеттердің қалыптасуы тәуелсіз іздеу-зерттеу қызметі процесінде әсіресе тиімді. Зерттеу қызметі-проблемалық оқыту әдістерінің бірі. Қызметтің зерттеу сипаты мектеп оқушыларының бастамасын, ғылыми экспериментке белсенді, адал көзқарасын тәрбиелеуге ықпал етеді, өз аймағының экологиялық жағдайын, туған өлкенің экологиялық мәселелерін зерттеуге қызығушылықты арттырады.

Бұл үйірмедегі сабақтар университетте оқуға жақсы дайындық бола алады және болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.

Бейсекожаева Балнур Саятдиновна

Білімі: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Санат: екінші

Жұмыс өтілі: 4 жыл

Білім алушылардың жасы: 7-17 жас