Author: Арман

ҚАЛА ӘКІМІ  ПЕДАГОГТЕРДІ  “ҰСТАЗДАР” КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

6-қазан Almaty Theatre көпсалалы мәдениет алаңында  Алматы қаласы педагогтерінің кәсіби мерекесіне арналған  салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мерекені әріптестер арасында атап өтуге  педагогтер, еңбек ардагерлері мен қазақ эстрада жұлдыздары  және басқа да қонақтар қатысты.

Аталмыш шараға Алматы қаласы Білім басқармасының “Оқушылар сарайының” ұстаздары және қызметкерлері де қатысып, мерекелік кеш қонағы атанды.

Қала әкімі Ерболат Досаев салтанатты шара қонақтарын мерекемен құттықтап, олардың ерен еңбектері және еліміздің келешек жас ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

КӨРКЕМДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БӨЛІМІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Алматы қаласы Білім басқармасының “Оқушылар сарайы” “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің оқушылары республикалық “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтаулар конкурсында жүлделі орындарды иеленді.

            5-қазан дүниежүзілік “Ұстаздар” күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да  “Ұстаздың жанған жүрегі” атты үздік құттықтау конкурсы өткен болатын.   Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Педагогика және психология кафедрасы,  “Педагогика және психология” ғылыми-әдістемелік журналы және Алматы қаласы білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен өткен аталмыш конкурсқа оқушылар мен 1-курс студенттері қатысты.

            Ұстаздарымызды айтулы мерекелерімен құттықтаған “Жас суретшілер” балалар бірлестігінің  Көркемдік-қолданбалы өнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы  Кәдір Әсел Дәулетқызының оқушылары:  Айтмухан Аяулым – 1 орын, Байменова Азияна – 1 орын, Қуандық Арона – 2 орын, Абдрахман Іңкәр – 2 орын, Акимжанова Фатима – 3 орын иеленді. 

            Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отыра, оқу жылына сәттілік тілейміз!

Балалар лагері

Балалар лагері – бұл бала өміріндегі жарқын оқиғаларға толы уақыт, сонымен қатар құрдастарымен таза ауада уақыттарын белсенді және пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде оқушыларға ойын-сауыққатолы іс-шаралар, спорттық және танымдық іс-шаралардың бай бағдарламасы бар. Балалар көптеген шеберлік сабақтарына қатысады: ғылыми-техникалық шығармашылығы, хореография, вокал, саясаттану, пікірсайыс және т.б.
Мұнда балалар көптеген жаңа нәрселерді үйренеді, достарымен қарым-қатынас жасап, өз (интеллект, шығармашылық, шешендік, ұйымшылдық) қабілеттерін көрсетеді және сол жердегі өзге балалардың қабілеттерін біледі.

Ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің 4 бағыты

“Өрнек“ лагерінде Алматы қаласы Оқушылар сарайының ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімі 4 бағыт: геоинформатика, журналистика, өнеркәсіптік дизайн және 3D прототиптеу бағыттары бойынша кезекті кезеңін бастады.
Бұл кезеңде балалар жобаларды құру, халықаралық Хакатонға қатысу бойынша өз жоспарларын іске асыруды күтеді және біз сіздерге кейінірек айтып беретін көптеген қызықты оқиғалар болады.
Балаларға жобалық міндеттерін шешуде табыс тілейміз.

Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті

Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында Елорда күніне орай, Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаға Алматы қаласы Оқушылар сарайының білім алушылары қатысты. Үлкен сахнада өнер көрсеткен жас өнерпаздар жазға қажетті жағымды эмоциялар мен тамаша мерекелік көңіл-күйге ие болды!

Балалардың белсенді жазғы демалысы

Балалардың белсенді жазғы демалысы тек жаяу серуендеуді, саяхаттауды, лагерьлерді, спорттық шараларды ғана емес, сонымен қатар жаңа дағдылар мен білімдерді меңгеруді қамтиды. Біздің жас пікірсайысшы балалар дебат академиясының ауысымына келуді жалғастыруда. Ал кеше Никифоров Валерий Викторович ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша шеберлік сабағын өткізді. Квадрокоптер – қазіргі әлемде білім беру жобаларында (роботехника, бағдарламалау, математика, экология және т.б. салаларда) белсенді түрде қолданылатын құрылғылар.

Алматы қаласы Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімінің туристік базасы. Жетекшісі – Игамбердиев Ренат Равильевич.
Пікірсайыс жаттықтырушылары – Дамир Каримов пен Дінмұхамед Абдурахманов.

“Жанұя” кешенінің тәрбиеленушілерін кезекті жазғы ауысымға қабылдады

20 маусымда Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде мамандандырылған “Жанұя” кешенінің тәрбиеленушілерін кезекті жазғы ауысымға қабылдады. Оқушылар сарайының ұстаздары балаларға арналған шеберлік сабақтарын, тренингтерді, эстафеталарды және жарыстарды қамтитын әр түрлі бағдарламалар әзірледі.
Балаларға роботтар мен квадрокоптерді өз бетінше ұшыруды, дизайн негіздерін енгізуді, спорттық ойындар мен жарыстарды, эстафеталарды, концерттік бағдарламаларды өткізуді үйретті.

Командалық спорттық ойындар

Командалық спорттық ойындар – бұл балаларды ойынға тез және тиімді түрде қатыстыратын, сондай-ақ командалық жұмыстың артықшылықтарын сезінуге және әрбір қатысушының шығармашылығын ашуға мүмкіндік беретін қызықты, жылдам командалық жарыстар. «Өрнек» лагерінде Алматы қаласы Оқушылар сарайының жаттықтырушыларының жетекшілігімен «Жас ұландықтар» түрлі спорттық ойындар ойнады.

«Өрнек» лагерінің аумағында балалар мен жасөспірімдер слеті өтіп жатыр

Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінің аумағында “Жас ұлан” Республикалық ұйымының қалалық филиалында балалар мен жасөспірімдер слеті өтіп жатыр, онда қатысушыларды ғылыми бағыттағы шеберлік сабақтарынан тұратын 3 күндік мазмұнды бағдарлама және техникалық шығармашылық пікірсайыс өнері және т.б. күтіп тұр. Сондай-ақ, балаларға арналған түрлі байқаулар мен сайыстар дайындалды. Слеттің соңы және қорытындысы концерттік бағдарламамен аяқталады.

“Шабыт” білім алушыларын құттықтаймыз!

Алматы қаласы Оқушылар сарайының “Шабыт” балалар бірлестігінің білім алушыларын құттықтаймыз!
Республикалық «ЖАС ҚАНАТ. БАЛАЛАР – 2023» байқауында Тұрдалы Дастан бас жүлдені жеңіп алып, Халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне жолдама алды. Ал Амина осы байқаудың дипломанты атанды.
Педагогы Сейтімова Сая Махамбетті құттықтап, жеңімпаздарымызға жаңа, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!