Author: Арман

ТАҢҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласының төрінде орналасқан дарынды балалар жиналған Оқушылар сарайында  жаңа жылдық кеш басталды.

Мұнда  балалар ертегінің нағыз кейіпкерлері сияқты, көңілді және ғажайып атмосфераға еніп кетті. Көптен күткен бұл кеш  шынайы күлкіге, көңілді биге және керемет көңіл-күйге толы ұмытылмас әсерге толды.

Барлық кішкентай қонақтарға керемет сәттер үшін үлкен рақмет!   Бұл күн әркімнің жүрегінде ертегінің ұмытылмас бөлігі ретінде қалсын!

 ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ «ҰМАЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНА ИЕЛЕНДІ

Алматы қаласындағы Балалар музыка мектебінің мұғалімі Жұлдыз Маратұлын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Ол ұлттық «Ұмай» сыйлығының дипломанты атанды. Бұл оның музыкалық білім беруге және дарынды жас музыканттарды тәрбиелеуге қосқан үлесін мойындау.

Музыка әлеміне қосқан үлесіңіз бен шабытыңыз үшін алғыс білдіреміз.   Сіздің талантыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз болашақта бәрімізді қуанта берсін!

 Сыйлықты табыстау рәсімі туралы видеоны @dvorec_almaty инста парақшадан көре аласыздар.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Оқушылар сарайының «Шабыт» балалар эстрадалық вокал бірлестігінің талантты тәрбиеленушісі Дастан Тұрдалы «Қорқыт» тарихи сериалында басты рөлді сомдады. Еліміздің танымал актерлерімен бірге Дастан өзінің талантын экранға шығарып, кино тарихында ұмытылмас із қалдырды.

Бұл оқушыларымыздың сахнада ғана емес, кино әлемінде де жарқырап жүргенінің дәлелі! Дастанды құттықтаймыз және оның шығармашылық жетістіктерін мақтан тұтамыз.

ЖАС ӘНШІМІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ

2023 жылдың 17-желтоқсан күні Алматы қаласында халықаралық «Star Fest» жасөспірімдер байқауы кең көлемде өтті. Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Оразалина Айсулу өзінің дарыны мен өнерге деген үлкен сүйіспеншілігінің арқасында жүлделі 2-орынға ие болды.

Дарынды тәрбиеленушіміз Айсұлу мен оның тәлімгері Еркін Тұрсынханды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ ЖЕҢІСІ

Оқушылар сарайының скрипкашылар ансамблі мен қазақ ұлттық аспаптар ансамблі оқытушылары мен Балалар музыкалық мектебінің педагогтары республикалық конкурстың лауреаты атанды.

Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына арналған республикалық байқауда гран при лауреаттарына Хан Лиля Рашидовна мен  оқушысы Кәрімова Жанан иеленсе, 1-орынға Хан Андрей Геннадьевич пен оқытушысы Чернов Радомир ие болды.      

              “Алтын Тұлпар” халықаралық байқауының бас жүлде иегерлері Гусейнов Арслан вокал бойынша, жетекшісі  Шағарова Анжела Александровна атанса,  1-орын – Моор Рамина, Аманжолова Данель флейта бойынша, 2-орынды Кысыкова Айнис  флейта бағытында жетекшісі Васильцова Елена Анатольевнамен бірге иеленсе, 3-орынды  Гусейнов Арслан фортепиано бағытында  жетекшісі Станевич Надежда Николаевнамен бірге иеленеді.                        

 “STAR FEST” халықаралық байқауында 1 орын – скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Роор  Вера Владимировна, 2 орын – Омаров Марғұлан фортепиано бағытында, жетекшісі Каденова Мадина Асқарқызы иеленді .   “Асыл мұра” ансамблінде – 1 орын – қазақ халық аспаптар ансамблі, жетекшісі Райхан Ризабекқызы Әбікешева иеленді. 

  Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа шығармашылық леп пен жеңіс тілейміз!

БАСТАМАҢ  ҚҰТТЫ БОЛСЫН,  ӘМИНА!

Оқушылар сарайының   Балалар  музыка мектебінің  «Шабыт»   балалар  эстрадалық вокал бірлестігінің тәрбиеленушісі Әмина Әбділбекованың авторлық әні шықты.

Таланттымен өз тыңдармандарын қуантқан Әминаның әні Тәуелсіздік күніне арналған.  Әуезді әннің сөзі  мен музыкасын Әмина жетекшісі  Сая Махамбетқызының жетекшілігімен жазып шықты.

Сондай-ақ, Әмина  Жаңа жыл қарсаңында «Алматы» телеарнасындағы Balafest бағдарламасындағы жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне де қатысты.  Әрдайым  өнерімен елді сүйсіндірген талантты тәрбиеленушіміз ол жақта  “Hello Dolly” пьесасын, саксофон мұғалімі Артур Игоревич Бемманың жетекшілігімен жоғары деңгейде орындап шықты. 

Әминаны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта тәрбиеленушімізден  мол  шабыт пен музыкалық шедеврлерді күтеміз!

ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ

2023 жылдаң 20-желтоқсанында Оқушылар сарайының Эколого-биологиялық бөлімінде
«Диалог арқылы көшбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысын дамыту стратегиясы» атты қалалық конференциясы өтті.

Конференцияның басты мақсаты – пікірсайыс қозғалысын оқушылар арасында танымалдығын арттырып, белсенді жастарды көбейту. Қалалық деңгейде өткен конференцияға қала мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысып, пікірсайыстың қыр-сырымен таныс болды.

Сондай-ақ, біздің пікірсайысшылар 2023жылдың көктемінде Оқушылар сарайының базасында ашылған Пікірсайыс қозғалысының жобалық кеңсесінің жұмыстары мен нәтижелерін таныстырды.

Конференция соңында жыл бойы қалалық пікірсайыс турниріне қатысып, пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін оқушылар мен олардың тәлімгерлеріне Алматы қаласының Білім басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Оқушылар сарайының  Джаз балалар музыкалық мектебінің “TWINKLE JAZZ”   скрипкашылар ансамблі баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Дарынды тәрбиеленушілеріміз осындай атаулы күнде тәлімгері Боровикова Валентина Анатольевнамен бірге Құрманғазы Садырбайұлының “Балбырауын” күйін орындады.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болғай. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН!

2023 жылдың 13-желтоқсанында Оқушылар сарайының көрме залында «Тәуелсіздік ел ұланымын!» атты жас суретшілер байқауы өтті.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік көңіл күйде өткен жас суретшілер байқауының басты мақсаты –  оқушылардың эстетикалық, гуманистік, патриоттық сезімін арттыру. Аталмыш қалалық байқауға Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысып, еліміздің көрнекті жерлері мен елімізге деген үлкен махаббаттарын сурет тілімен жеткізді.

Қарасаң көзің тоймайтын жас суретшілер кәсіби суретшілерден кем түспей, бейнелеу өнерінің биігінде самғады. Барша байқауға қатысқан оқушыларымызға алғыс айта отырып, жүлделі орынға ие болған суретшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

ҮЗДІК ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ

Алматы қаласы Атакент сауда орталығының 11-павильонында  11-12 желтоқсан аралығында «Ғарыштық техника және технологиялық кәсіпкерлік» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионат өтуде.

Байқауға өзінің тапқыр идеяларымен Алматы қаласының дарынды оқушылары мен студенттері жиналды. Оған Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі Шолпан Аманкелді қатысып, өзінің наноспутниктік жобасымен бірінші орынды иеленді.

Жас өнертапқышымыз бен оның тәлімгері Валерий Викторовичті лайық жеңістерімін құттықтай отыра,  табыс тілейміз!