Author: Арман

5

20/03/2020. Алматы қаласы Оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту. Балалар музыкалық мектебінде, фортепиано сыныбында қашықтықтан сабақтар өтілді. Фортепианодан мұғалім Тайжанова Елена Владимировна 4-сынып оқушысы Шегай Александрамен бірге жаңа шығармаларды талдайды. Сабақ үстінде мәтінді түсіндіреді, саусақтардың ыңғайлығына мән бөледі, штрихтармен, қолдармен және саусақтармен жұмыс жүргізілді.

19.03.2020ж. Алматы қаласының Оқушылар сарайындағы қашықтықтан оқыту. Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінде “Терме” пәні бойынша қашықтықтан сабақ өту барысында педагог: Искаков Жұлдыз Маратович 2 сынып оқушысы Болат Балыммен халық әні “Бипыл” әнінің қағыстарымен, сөзімен жұмыс жасады.

18.03.2020.
Алматы қаласы Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінде қашықтықтан оқыту.
Оқытушы Абикешева Райхан Ризабековна.
Оқушы Саттибаева Айым 0кл.
Қазақ халық əні “Еркем ай”
Буын-буынға бөліп,талдау.
Нотамен санап ойнай білу.

4

2020 жылдың 17 наурызы күні Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбында педагог Ермолаева Татьяна Владимировна 3 -сынып оқушысы Омарова Данамен қашықтықтан сабақ өткізді. Тақырыбы “Осы шығарманың кейіпкері мен бейнесінде жұмыс жасау”.
24 наурыз күні Алматы қаласы Оқушылар сарайы спорт бөлімінің оқытушысы Кулакова Вероника Ярославновна оқушы Жақсыберді Саяға “Мат бір қимылда” тақырыбында қашықтықтан сабақ өткізді

3

18.03.2020 жылы Алматыдағы оқушылар сарайында балалар музыка мектебінде қашықтықтан бiлім беру арқылы сабақ болады. Оқытушы Нам-Ли Светлана Константиновна 7 сынып оқушысымен, Махмутова Мирадамен фортепианодан сабақ өткізіп жатыр. Авторлық мәтінмен дұрыс оқылуы үшін жұмыс жасалып жатыр.
Алматы қаласы Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінде қашықтықтан оқу жүйесі.
Оқытушы: Құрұмбаева Гүлзат Жумажановна.
Оқушы: Мұқанов Темірлан -4ші сынып.
Н.Тлендиев “Темірбектің төкпесі” шығармасын талдап, әрбір сөйлемдерге тоқталып, қағыс ерекшеліктеріне жұмыс істелді.

2

Алматы қаласындағы оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту. Балалар музыкалық мектебінде, фортепиано сыныбында қашықтықтан сабақтар өтіледі. Фортепианодан мұғалім Тайжанова Елена Владимировна 1-сынып оқушысы Шорохова Мариямен бірге жаңа шығармаларды талдайды. Сабақ үстінде мәтінді түсіндіреді, саусақтардың ыңғайлығына мән бөледі, штрихтармен, қолдармен және саусақтармен жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінде қашықтықтан оқыту, Алматы қаласы. Оқытушы Деркунская Елена Валерьевна 1 сынып оқушысы Берiк Динмухамедпен ноталық мәтінді талдау, әуендік және гармоникалық сызықтарды талдау бойынша жұмыс істейді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ЕНГІЗДІ.


Алматы қаласының Оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырды. 227 оқытушы және 6500 білім алушылар қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қашықтан оқыту форматын енгізу аясында Оқушылар сарайында мұғалімдер қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқыту әдістерін қайта құру курстарынан өтуде. Карантин кезеңінде қашықтықтан оқыту форматын енгізу және мұғалімдер мен оқушылармен бірге 24/7 тәулік бойы жұмыс істейтін білім беру процесін үйлестіру бойынша жобаны жүзеге асыратын үйлестіруші-кеңесшілер тобы құрылды. Қашықтан оқыту форматын енгізу жобасы Zoom технологиясына негізделіп жасалды. Бұл платформа осыған ұқсас платформалардың ішіндегі ең ыңғайлы және үйренуге жеңіл платформа болып табылады. ZOOM қызметінің артықшылықтары: пайдалану ыңғайлылығы, қосымша жабдықты қажет етпейді, әлемдегі ең үздік оқу орындары пайдалануда. Zoom технологиясын оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға видео-оқулықтар, нұсқаулықтар және басқа да құралдар жасалуда. Сонымен қатар, бағдарламада материалды бекіту үшін мұғалімдермен онлайн-кездесулер өткізілуде. 227 оқытушы білім беру әдістерін қашықтықтан оқыту форматына көшіру үшін онлайн курстардан өтуде.

1

«Оқушылар сарайы» балалар музыкалық мектебінде вокал бойынша қашықтықтан сабақ өткізілуде. Педагог Турунтаева Ирина Анатольевна оқушы Рысбекова Джамиляға минуспен  орындауды үйретуде.Тыныс алу, интонация тазалығы бойынша және туындының мазмұнын байыпты, мазмұнды түрде жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.


Алматы қаласының Оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту⚜. 
 Балалар музыкалық мектебі, «Скрипка» пәні, педагог Нурмаханова Диана Шахи-Зидаевна. Скрипкада ойнауды үйрету бойынша қашықтықтан сабақтар өткізілуде. Оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, дыбысты шеберлікпен қолдану, техникалық шеберлікті дамыту!

Құрметті достар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Ізгі ниетпен,
Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұжымы.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы Білім басқармасы «Оқушылар сарайы» МКҚК балалар бірлестіктеріндегі қосымша сабақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызы №108 бұйрығы негізінде Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы (т.6: «қосымша білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметі 2020 жылғы 5 сәуірге дейін») қашықтықтан оқытуға негізделсін.  

Блицтурнир

Оқушылар сарайы спорт бөлімінің «Шахмат» балалар бірлестігінің педагогы В.Я. Кулакова  жас шахматшылар арасында блицтурнир өткізді.  Шафиков Эмиль – 1 орын, Муссалиев Амир – 2 орын, Амиров Санжар – 3 орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!  

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Дана ақын» іс-шарасы

2020 жылдың 27 ақпан  күні Туристік-өлкетану бөлімшесінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Дана ақын»  атты шара өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қара сөздері, басқа тілден қазақ тіліне аударылған шығармашылығы туралы құрастырылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін көрсетті.