Author: Арман

“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес эко-көрме өтті

Бүгін Алматы қаласы білім басқармасы Оқушылар сарайында “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес эко-көрме өтті. Көрменің мақсаты: балалардың табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық жобаларды жүзеге асырудың оң шығармашылық тәжірибесін жинақтау, экологиялық мәселелерге қоғамдық назар аударту.  Эко-көрме жоғары деңгейде ұйымдастырушылықпен өтті. Жеңімпаз оқушылар марапат қағаздарымен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Кездесу

Бүгін салалық кәсіподақ төрайымы А.М. Мұқашева  Алматы қаласының білім беру басшылары мен қызметкерлеріне кездесу өткізді.Кездесу тақырыбы:” Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы  «Педагог мәртебесі туралы» Заңын түсіндіру.

“Медеу” бекетінде өткізілген «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара

Оқушылар сарайының туристік – өлкетану бөлімінде Алғыс күніне арналған флэшмоб пен көңілді старттар өткізілді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын бейнесін көрсету, өскелең ұрпаққа төзімділік, достық және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.Шара “Медеу” станциясында өтті. Бірінші бөлімде қатысушылар «Елімізде достастық нығаюда!»ұранымен флэшмоб өткізді. Балалар достық туралы сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, достық туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.

“Қазақстанның су ресурстары” экологиялық онлайн Білім марафоны.

“Оқушылар сарайы” МКҚК экология-биологиялық бөлімшесінде ҚР Конституциясының                     25 жылдығына арналған “Қазақстанның су ресурстары” тақырыбында “Туған жер” атты республикалық экологиялық онлайн Білім марафоны өтті. Осы экологиялық білім марафонының негізгі мақсаттары мен міндеттері табиғатқа қатысты белсенді ізгілікті ұстанымдарды қалыптастыру, жер планетасының ортақ үйінің тағдыры үшін жауапкершілік болып табылады. Әр өңірден 8 команда қатысты: Талғар, Шымкент, Орал, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облысының            2 командасы.

“Жас журналист мектебі”

Бүгін “Жас журналист мектебі” балалар бірлестігінде педагог В. М. Литвинов “Наурыз” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында балалар сұхбат алды, собкорлар рөлінде сөз сөйледі, педагогтың басшылығымен “Дружные ребята” газетіне өз жазбаларын редакциялады. Сабақ барысында тәжірибелі педагог кеңес беріп, білім алушыларға журналистің шеберлігі мен дағдыларын қалай жақсы меңгеруге кеңес берді. Сабақ қызықты және танымды өтті.

“Интеллект”

9 ақпанда Оқушылар сарайының “Интеллект” балалар бірлестігінде “Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті. Ақындық жанрдың бастауы Бата сөз”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлі түрлерінің арасында айтыс, шешендік сөз, алғыс – қарғыс, жұмбақ, тақпақ және көркем ойлау мен мәдениетті бейнелейтін “Бата сөз” жанры ерекше орын алатынын білді. Педагог балаларды В. Радловтың “Сайын батыр” эпосынан шыққан ақындық батасының мысалымен таныстырды. Балалар суретші Нұржан Қарымсақовтың “Бата” картинасына жаңаша бағытпен қарады. Бата жанрларымен танысып, оқушылар өздері әртүрлі тақырыптарға бата жасауды үйренді. 

Бейнелеу өнері және мәнерлеп оқу бойынша балалар шығармашылығы

Бүгін Оқушылар сарайының көрме залында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында бейнелеу өнері және мәнерлеп оқу бойынша балалар шығармашылығының “Абай Әлемі» атты көрме-байқауы өтті. Байқаудың мақсат-міндеттері: оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту; Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа маңызын көрсету; Ұлы ақынның әдеби шығармаларына қызығушылығын ояту; Көркем әдебиетті насихаттау; Дарынды балалар мен жастардың кәсіби және рухани өсуін, шығармашылық белсенділігін арттыру; Балалардың шығармашылық қабілеттерін және қиялын ашу; Балалар мен педагогтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру; Білім алушы жастардың жалпы мәдениетін тәрбиелеу.

Байқауға қатысушылар Абайдың 1 шығармасын және бейнелеу өнері жанрында өзінің көрнекті туындысын ұсынуы туралы талап бойынша үш топтаға жас санатымен оқушылар бақ сынасты. Байқауға Алматы қаласы №19, №42, №168, №159, №172, №17 мектептері оқушылары мен Оқушылар сарайының білім алушылары қатысты.

Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын

Оқушылар сарайы Музыка мектебінің қосымша білім беру педагогы Искаков Жұлдыз Маратұлы «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты тырнақалды туындысының Тараз қаласында тұсау кесер рәсімін өткізіп келді. Ондағы мақсаты өскелең ұрпақтың санасына қазақ өлеңін насихаттап, өнер мен білімді ұштастыра білуге шақыру. Жазарыңыз көп болып, қаламыңыз ұштала берсін, ардақты әріптес!

Шебердің қолы ортақ

Бүгін Оқушылар сарайының көрме залында балаларға арналған киізден бұйым жасайтын «Шебердің қолы ортақ» мастер-классы өтті. Балалар тәжірибелі ұстаздардың басшылығымен киізді илеу техникасын меңгеріп, керек-жарақтар мен жүннен жасалған ұлттық кәдесыйлар жасауды үйренді.​