Author: Арман

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған поэтикалық қойылым

«Арай» жоғарғы сынып оқушылары клубы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған “У войны не женское лицо”атты поэтикалық қойылым өткізді. Іс – шараның мақсаты – балалар мен жастар арасында сахналық өнер және ұлттық, патриоттық сезімді, Отанға деген құрметті, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың ұлы ерлігін еске алу мен тарихқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Ашық сабақ

Балалар ынтасын үйлестіру бөлімінің ағылшын тілі пәнінен қосымша білім беру педагогы Т.В. Римашевская «Present continuous tense» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жұптық, деңгейлік, топтық, тыңдау дағдылары бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпараттық сағат


“Мәңгілік ел” кабинетінің меңгерушісі Шамгунова Регина Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жетістіктерін насихаттау мақсатында ақпараттық сағат өткізді.

Кәсіптік бағдар беру форумы

Алматы қаласы Білім басқармасы мен ЖОО және колледждермен бірлескен кәсіби жұмыс аясында 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Іс – шараның мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу және оқу шарттары мен мамандықтар туралы толық ақпарат беру.

Халықаралық байқау жеңімпаздары

Оқушылар сарайының білім алушылары ағымдағы жылдың 18-19 қаңтарында Алматыда өткен “Jiger synergy” халықаралық байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді. Шараға джаз мектебінің 3 тәрбиеленушісі қатысты. Олар: Касымова Жания лауреат 2 орын, Каден Амина лауреат 2 орын, Болатова Рамина лауреат 3 орын.

Бокстан ашық біріншілік

Ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында Алматы қаласының “Almaty Boxsing Club” бокс клубында 2006-2007, 2008-2009 және 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өтті. Алматы қаласы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Н. З. Мұхамбетқалиевтің шәкірттері осы жарыста лайықты өнер көрсетті. Олар: Серік Досжан – алтын медаль, Елтай Рауан – күміс медаль, Алтаев Еркін – қола медаль, Алтаев Еламан және Асылхан Арсен иеленді. Біздің жүлдегерлер мен олардың педагогтарын құттықтаймыз!!! Алар асуларыңыздың көп болуын тілейміз!!!   

Мұражайға саяхат

2020 жылдың 19 қаңтар күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымы жоспар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына шолу жасады. Мұражайдың тарихына көшсек, 1976 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекттік көркемсурет галереясының  (1935 жылы қаланған)  және Республикалық қолданбалы өнер музейінің 1970 жылғы қоры негізінде қаланған. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

Екінші қабатқа көтерілген бойда көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық  ер-тұрманы, алдаспан қылыштар, текемет, тұскиіз, сәукеле, қалыңдық көйлегі т.б қойылған. Келесі залдан бастап көркемсурет туындыларының көрмесі басталады. 
Бұл жерден Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының  кескіндеме, графика, сәулет өнерінің баға жетпес жұмыстары бар. Музейдің  экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан-жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс-тіршілігіне куә боласың.

“Шахмат» балалар ұйымында өткен ашық сабақ

Педагог оқушыларды “оппозиция” ұғымымен, оның түрлері мен ферзядағы пешкаларды өткізу ережелерімен таныстырды. Сабақ кезінде педагог оқушылардың назарын шахмат тақтасындағы этикет ережелеріне, қарсыласына құрметпен қарауға, төзімділікке, логикалық ойлауды дамытуға көңіл аударуға үйретті. Жұппен жұмыс істеу кезінде типтік позициялар ойнатылды. Сабақ соңында педагог қорытынды жасап, өткен тақырып бойынша фронталды сауалнама жүргізді және үй тапсырмасын орындау үшін диаграммалары бар карточкалар таратты.

«Қысқы старт» жаппай серуені.

 Балалардың қысқы демалысына арналған «Қысқы старт» серуеніне шықтық. Бұл серуенде балалармен қозғалмалы ойындар, “Үздік аққала” байқауы өткізілді, №29, №58 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды.  Балалар үшін ең қызықты сәт “Кім әрі қарай сырғанайды” баллондарымен сырғанау жарысы болды. Мұнда №16, №47, №30, №172 мектеп оқушылары өз шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық.


Оқушылар сарайының қазақ күресі залында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін ұлттық күрес бойынша іріктеу турнирі өтті. Қосымша білім беру педагогы М. С. Мырзалиевтің шәкірттері Мади Нусибов және Джаксылыков Дулат чемпион атанды және Қазақстан біріншілігіне қатысу құқығына ие болды. Оларға Қазақстан Республикасының чемпионатында сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.