Author: Арман

Кроль әдісімен етпеттеп жүзу.



          Сабақ тақырыбы: Кроль әдісімен етпеттеп  жүзу.    

Сабақ барысы: сапқа тұру, сәлемдесу, реттелу.

Міндеттері: кеудемен жүзуді және “сырғанауды” үйрету. Кеудемен жүзу кезінде есу жұмысын үйрету.  

Табанды, ерік-жігерлі, орындалатын қызмет үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.

Жалпы төзімділікті дамыту, қозғалыстарды үйлестіру.

Шахматтан қалалық турнир

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Chees Garden»  шахмат мектебі қалалық турнир өткізді, турнирге Оқушылар сарайының педагогы В. Я. Кулакованың шәкірттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар: Асланов Эмир, Касымов Алихан, 4 разрядта 2 орын.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.


         2020 жылдың 24 ақпан күні “Кербез” гимнастика мектебінде көркем гимнастикадан Ашық Чемпионатқа Оқушылар сарайынан педагог М.К. Сайфулинаның шәкірттері қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Мендагалиева Мадина – 2 орын, Заритовская Влада – 3 орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Оқушылар сарайының баскетболдан ашық турнирі

 

 Жарыс жоғары және төменгі сынып оқушылары арасында баскетбол ойынын насихаттау, оқушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында өткізілді. Баскетбол бойынша мықты командаларды анықтау және бірнеше жас топтарда баскетбол бойынша Алматы қаласының чемпионатына дайындыққа іріктеу. Оң нәтижелерге жетудегі мақсатқа тәрбиелеу.    

U12 санаты

1 орын ЦСКА

2 орын Алматы

3 орын Оқушылар сарайы

U14 санаты

1 орын ЦСКА

2 орын НЗМ ХБН

3 орын Алматы

4 орын Оқушылар сарайы

U17 Санаты

1 орын ЦСКА

2 орын Бельбулак

3 орын Оқушылар сарайы

4 орын Мирас / НЗМ

Ашық сабақ


     
«Еркем-Ай» балалар бірлестігінің жетекшісі Т. Даутовтың  «Халық әндері» атты ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты халық әндері тарихына шолу жасау және композиторлардың өмірбаянымен таныстыру. Халық әндері– авторы ұмытылған, ауыздан ауызға жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер. Халық күйі – ұлттық музыкалық аспаптарға арналып  шығарылған, ауызша таратылып, бізге жеткен музыка. Сабақтың әдісі:дауыс ашу,түсіндіру, тыңдау, үйрету, салыстыру, сұрақ-жауап.  Музыкалық шығарма:Б.Бекенова-«Анашым», Н.Тілендиев – «Саржайлау»,  халық әні – «Ақжайнақ», халық әні – «Ақбұлақ».    

Интеллектуалды ойын “Мен патриотпын”


2020 жылдың 25 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес №144 кабинетте “Мен патриотпын” атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 8, 9, 10 сынып оқушылары 5 адамнан құралған команда болып қатысты. Ойын 5 тур бойынша өтті, сұрақтар Қазақстан тарихы бойынша қойылды. Ереже бойынша  топтың атауы, ұраны дайындалды.   

Қатысқан топтар:        

1.  Алатау ауданы, “Алатау” командасы І орын.

2. Медеу ауданы, “Лидер” командасы ІІ орын.

3. Түркісіб ауданы, “Биік” командасы ІІІ орын.

4. Бостандық ауданы, “Болашақ” командасы Сертификат.

5. Алмалы ауданы, “Білімділер” командасы Сертификат.

Қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар  және  естелік кітаптарымен марапатталды.

Дөңгелек үстел “Химия әлемінде”


2020 жылдың 21 ақпан күні экология –биологиялық бөлімшесінде “Химия әлемінде” атты дөңгелек үстел өтті. Бұл балалардың қызықты тәжірибелерге тікелей қатысуымен өткен нағыз химиялық шоу болды.  Қатысушылар командаға бөлініп, педагогтардың басшылығымен әртүрлі керемет тәжірибе жасады. “Сиқырлы шам”, “піл үшін тіс пастасы”, “бағдаршам” сияқты жұмбақтар қойып, оның шешімін тапты.  Оған №120, №50, №67 мектептері және №9 мектеп-интернатының балалары қатысты.  

Экология тақырыбындағы миниатюралар


Жас әртістер көрермендерге экология тақырыбында миниатюралар ұсынды. Барлық миниатюралар табиғатты қорғауға арналды. Дәл осындай экологиялық миниатюралар балаларға табиғатты көбірек түсінуге, оны сүюге және қорғауға дағдылануға көмектеседі.  Әр түрлі сюжеттер ұсынылды. Ең үздік спектакльдерді марапаттау 2020 жылдың 26 ақпан күні сағат 15.00-де Экология-биологиялық бөлімшесінде (Орбита ы/а, Щепкин к, 27) өтеді. 

“Сырым бар жүрегімде”

2020 жылдың 22 ақпан күні  Республикалық “Сырым бар жүрегімде” атты ән байқауында Оқушылар сарайының жас таланттары, “Шабыт”  эстрада ән вокалының шәкірттері өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ:

 
1. Майдан Аймауыт- 1 орын.
2. Тұрдалы Дастан 1- орын.
3. Болат Балым 1- орын
4. Бекмырза Іңкәр 1- орын.
5. Мұқанғали Сұлтан 2- орын
6. Бостан Нұрболат 2 – орын.
7. Мұратхан Аман 3- орынды иеленді. 

 8. Абдибекова Айнель үздік бас жүлде иегері болды.

            Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз. 

“Қанатты досқа көмектесейік”мәдени-экологиялық акциясы.

         2020 жылдың 23 ақпан күні Алматы қаласы Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінде “Қанатты досқа көмектесейік!” атты мәдени-экологиялық акция өтті. Акция барысында “Медеу” стансасының аумағына құстарға ұя жасау және іліп қою практикалық іс-шаралары жүргізілді. Осы акцияның негізгі мақсаты: оқушыларға құстар туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, құстарды қорғау, заманауи орнитологияға қол жеткізуді насихаттау (құстардың ғылым үшін маңызы, адамзат үшін құндылығы), табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге дайындығын дамыту, табиғатты қорғауға және қалпына келтіруге қатысты белсенді ұстанымды қалыптастыру.