Author: Арман

Бокс әдістері

Оқушылар сарайы Спорт бөлімінің қосымша білім беру педагогы, тренер Н.З. Мухамбеткалиев «Бүйір соққысын үйрену және олардан қорғану» тақырыбында бокс әдістерінің негіздерін көрсетті.    

Су ішіндегі ойындар

Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады. Суда шомылу, жүзу, су ішіндегі ойындар – жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар – балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді.

Көркем гимнастикадан ашық турнир


         2020 жылдың 7 наурыз күні  көркем гимнастикадан «Көктемгі қарлығаштар» атты ашық турниріне Оқушылар сарайының жас гимнастшылары қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Аңшыбек Арай (2012) – 2 орын, Садуақас Асылай (2014) – 1 орын, бірінші старт; Даниял Айша (2012) – 3 орын, Даниял Айым (2014) – 1 орын, бірінші старт; Дәурен Балнұр (2013) – 3 орын, Болат Жулдыз (2012), Бижан Инжу (2012), Касымова Диана (2010), Аккузина Айтумар (2012) –  1 орын, Маненгазы Амира (2012), Лигай Каролина (2012) – 1 орын, Кулжабай Каусар (2012) – 2 орын, Бекова Мадина (2008) – 2 орын, Боброва Даша (2008) – 3 орын.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Аналарды құттықтау

2020 жылдың 5 наурыз күні экология-биологиялық бөлімшесінде 8 наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі құттықтау кеші өтті. Мерекенің қонақтары аналар, әжелер, педагогтар болды. Олар өздерінің балаларыныңжылы лебіздерін естіп, би-билеп,ән айтып, көңілді ойындарға қатысып, риза болып тарқасты.

8 наурыз

2020 жылдың 5 наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, “Оқушылар сарайы” МКҚК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы, Балалар ынтасын үйлестіру, Көркем-қолданбалы шығармашылық бөлімдерінің және Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің әйелдер қауымын құттықтап, алғыс хаттар, грамоталар, гүл шоқтарын тапсырды.

Қымбатты аналарға!”

2020 жылдың 5 наурызында Оқушылар сарайының көрме залында, көркем және қолданбалы  өнер бөлімі “Капелька” балалар вокалдық бірлестігінің “Қымбатты аналарға!” атты есеп беру концерті өтті. Іс-шараның мақсаты: өткен кезеңдегі жұмыс нәтижесін көрсету, балаларға өз даралығын және шығармашылық қабілетін ашуға, аналар мен әжелерді құттықтауға мүмкіндік беру. 

Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту

“Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” дөңгелек үстелі

Оқушылар сарайының “Мәңгілік Ел” мұражайының жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4 наурызында “Мәңгілік Ел” идеясы аясында “Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” тақырыбында “Жас Ұлан” клубы мүшелерімен пікірталас – дөңгелек үстелі өтті.

Балаларға ұлттық мемлекеттілік идеясын жүзеге асыру Тәуелсіз Қазақстанда лайықты шешім табатыны туралы мәселелерді талқылауды ұсынды. Әрбір халық өз құндылықтары мен табиғи байлықтарын тек ұлттық мемлекеттің арқасында ғана сақтай алады. “Мәңгілік Ел” идеясы ұлттың одан әрі сапалы дамуы мен ұлттық бірегейлікті нығайту, оны қоғамдық санада бекіту мақсатында барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Осы мәселелерді талқылау слайдтарда көрсетілді. Қатысушылардың жауаптары толық әрі нақты болды, осы тақырыптың өз түсінігіне және Қазақстан тарихы сабағында мектепте алған білімдеріне негізделді.

Вокал және халық аспаптары бөлімдерінде емтихандар аяқталды

2020 жылдың 3-4 наурыз күндері Оқушылар сарайының музыкалық мектебінде вокал бөлімінің екінші тыңдауы және халықтық аспаптар бөлімінде емтихан өтті. Балалар домбыра, қобыз, жетіген, терме шығармаларын ойнады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

2020 жылдың 3 наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Оқушылар сарайы” МКҚК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы, балалар музыкалық джаз мектебі мен экология-биологиялық бағыттағы бөлімшеде қызмет атқаратын әйелдер қауымын құттықтады. Оларға грамоталар, алғыс хаттар, гүлдер, сыйлықтар табыс етілді.