Author: Арман

Практикум

Алматы қаласы Оқушылар сарайындағы Пікірсайыс кеңсесі №119 мектеп-лицеймен АПФ форматы, аргументация, кейсті дұрыс құру, қарсы тараптын аргументациясын құлату сараптама жасау бойынша практикум өткізді.
Педагог – Кәрімов Дамир.

“Болашақ” дебат клубына пікірсайыс бойынша тренинг

Сәуірдің 25 күні Алматы қ. Оқушылар сарайындағы пікірсайыс кеңсесінде Әуезов ауданы 119 мектеп оқушыларының “Болашақ” дебат клубына пікірсайыс бойынша тренинг өтті. Тренингте АПФ форматының ережелері, спикерлердің функциясы, аргументация, сараптама, критерийлер секілді маңызды тақырыптар айтылды. Осы секілді тренингтерді Алматы қ. барлық мектептеріне өткізу жоспарда бар.
@119mektep_litsei

Оқушылар сарайының мерекелік концерті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында Оқушылар сарайының оқушылары мерекелік концерт қойды. Балалар мен педагогтеріміз жарқын, түрлі музыкалық нөмірлер дайындап келген екен. Концертке би топтары, вокалистер, сонымен қатар Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің оқушылары қатысты. Педагогтерге кәсіби шеберлігі, қолдауы және шығармашылық көзқарасы үшін алғысымызды білдіреміз: Абикешова Райхан, Сармана Гүлпаршын, Сейтімова Сая, Кулинова Татьяна және Ибекеева Сауле! Сонымен қатар, кішкентай өнерпаздарымызға да шексіз алғыс! Біз барлық балаларға үлкен жылулық, қолдау, қуаныш тілей отырып, барлық жетістіктеріне сәттілік тілейміз

Халықаралық байқауда бірінші орын

Түркияның Финик қаласында өткен Халықаралық байқауда бірінші орын алған білім алушыларды құттықтаймыз!

  1. Аманжолова Алуа
  2. Тугумбай Аяжан
  3. Молдабек Әсет

Педагог – Қажығали Төрехан. “Балдәурен” балалар бірлестігі, Алматы қаласы Оқушылар сарайының Көркемөнер бөлімі.

Әулие Петр шіркеуі (Цюрих)

2023 жылдың 26 мамырында Швейцариядағы Цюрих қаласында орналасқан “Әулие Петр” соборында “Ақжол-М.” қорын қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті.
Жас қазақстандық Әнуар Амелия Алматы қаласы “Оқушылар сарайы” МКҚК “Балалар джаз мектебінің” оқушысы, белгілі виолончелист Эльдар Сапараевпен бірге қазақ авторларының туындыларын орындады.
Концертке Швейцариядағы қазақстандық диаспораның өкілдері, белгілі бизнесмендер мен саясаткерлер жиналды.
Бұл Еуропадағы концерттер сериясының бесінші концерті. Барлық жиналған қаражат “Ақжол-М” қорының шотына аударылды.

Жас құтқарушы

Алматы қаласы Оқушылар сарайының туристік өлкетану бөлімі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментмен бірлесіп 2023 жылдың 17 мамыры мен 19 мамыры аралығында «Жас құтқарушы» аймақтық іріктеу байқауын өткізуде.

Байқаудың негізгі міндеті – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, сондай-ақ төтенше жағдайларда материалдық құндылықтардың сақталуына, жеке жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.
Бүгін қаланың бес ауданы: Бостандық, Медеу, Наурызбай, Әуезов және Алмалы аудандарының қатысушылары байқауды бастап кетті. Қатысушылар үшін қызықты әрі қиын туристік кедергілер жолы құрастырылды. Бірінші және екінші орын алған жеңімпаздарды 2023 жылдың 27 мамырында өтетін «Жас құтқарушы» слетінің қалалық кезеңі күтіп тұр.

Мерекелік концерт

Отан қорғаушылар күніне орай Медеу ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаға Алматы қаласы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы қатысты. Жас өнерпаздарымызға, олардың ата-аналарына және ұстаздарына орасан зор еңбектері мен кәсіби шеберліктері, мейірімдері үшін рахмет

Көктем көркі – қызғалдақ

Бүгін Алматы қаласы Оқушылар сарайының экология және биологиялық бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті.
Байқауға қатысушылар мен фестиваль қонақтарын Оқушылар сарайының джаз музыка мектебінің оркестрі қарсы алды. Байқау аясында шеберлік сабақтары өткізіліп, жас суретшілердің, гүл өңдеушілердің, экологтардың байқау жұмыстары, гүлді киімдер көрсетілімі ұсынылды. Сондай-ақ, шағын хайуанаттар бағына және экзотикалық өсімдіктері бар жылыжайға, түрлі-түсті қызғалдақтардың үлкен гүлзарларға саяхат ұйымдастырылды. Ал Көркемөнер бөлімі мен Балалар музыка мектебінің жас таланттары келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.
Бұл мерекені ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің білім алушылары ұшырған дрондар түсірді.