Автор: Арман

Табиғатты сүюді, қорғауды үйрен!

 «Табиғатты  сүюді, қорғауды үйрен!» бағдарламасы аясында  Туристік-өлкетану бөлімі оқушылары Көкжайлау жолындағы Алматы Кіші шатқалына серуендеу  акциясын ұйымдастырды.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шығыстан батысқа қарай Кіші және Үлкен Алматы шатқалының арасында, Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан.

Тракттың абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 1450-1740 м биіктікте. Бұл ең танымал жаяу жүру жолдарының бірі.

«Альпілік шалғын» – Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарының арасында орналасқан. Аудан жабайы табиғаттың әдемі көріністерімен, тау ағындарымен, тау массивтерімен, сонымен қатар қызықты серуендермен ерекшеленеді.

«Менің Отаным-Қазақстан» атты Әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Ертегілер залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Менің Отаным-Қазақстан» атты Әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Кешке Оқушылар сарайы балалар бірлестіктерінің оқушылары қатысты. Балалар Қазақстан туралы суреттер дайындады, өлең оқыды, ән айтты, біздің көпұлтты Қазақстан мемлекетінде тұратын халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы баяндамалар жасады. Қатысушылар «Менің Отаным-Қазақстан»  тақырыбында слайд көріп, әртүрлі ойындарға қатысып, Оқушылар сарайының тәлімгерлері тағайындаған әсем ән-шашуды тамашалады. Біздің  сүйікті Отанымыз – Қазақстанға арналған осы керемет шарадан оқушылар көптеген қызықты және мазмұнды нәрселер білді!

Өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті

Оқушылар сарайының көрме залында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.

Өткізіліп отырған көрме байқаудың мақсаты айқын. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасында ата-баба мұрасын жаңғырту мақсатында қолға алынып отырған бұл байқаудың берері мол.

Аталмыш көрме байқау аясында қаламыздағы О.Таңсықбаев атындағы колледждің арнайы пән оқытушылары С.Оразалиев, Л.Сатпаева, Е.Таңсықбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көркемөнер бөлімінің меңгерушісі Б.Бектаев, Оқушылар сарайы қосымша білім беру педагогі Р.Болатова ата-бабамыздың мұрасына айналған ұлттық өнер туралы танымдық ой-пікірлерін ортаға салды.   

Жұмыстар 6 номинация бойынша бағаланды. Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

1 дәрежелі жүлдегерлер: Ұзақ Дана, Әзкен Әди, Ниетбай Исатай Мейрамұлы, Алимов Ділмұрат Пархатұлы, Каим Жанель, Нұрлыбек Нұрай Айбекқызы.
2-дәрежелі диплом иегерлері: Уксимбай Арсен, Нурмят Асыл Айдынылы, Түрлыбекова Айжан, Ким Анель, Коспанова Диана-Омар Елдана, Серікбай Әсел.
3-дәрежелі диплом иегерлері: Бекмұратова Аныр, Жазыбай Бағжан, Айтжан Әлібек Мұхтарұлы, Талдыбек Қайнарбек- Сайлаубек Нүрсейт, Болат Алихан Қантұлы, Жанымханов Мирас.
 1-дәрежелі диплом алған қатысушылар: 2019 жылы 30 қазанда Шымкент қаласында өтетін «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  Республикалық көрме-байқауына қатысады.

Қатысушыларымызғы сәттілік тілейміз.

Жаңадан келген пианисттермен жұмыс

Көркемөнер бөлімі «Жас пианист» балалар ұйымы жетекшісі, жоғары санатты педагог Р.У. Усербаева «Жаңадан келген пианисттермен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – музыкалық алфавитпен таныстыру, фортепиано үйренудің бастапқы кезеңінде пианистік дағдылардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру. 

Құттықтаймыз

Алматы медициналық колледжінің спорт залында көркемгимнастикадан қалалық турнур өтті. “Ok study”  деп аталатын спорттық додаға қосымша білім беру педагогы М. Сайфуллинаның 2 бірдей жас гимнастшы шәкірттері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Мадина Мендагалиева мен Кулсабыр Ажар  1-орын алды. 


“Фаворит” шахмат академиясында шахматтан қалалық турнир өтті. Жарысқа қатысушылар шахматтан біліктілігін көрсетуге күш салды. Бірінші айналымға В.Я. Кулакованың 3 оқушысы қатысты. Жарыстың бірінші күні Штод Даниель 3-орын алып, 3 разряд иегері атанды. 

 В первый день турнира  Штод Даниель  занял 3 место и получил 3 разряд. Молодцы, ребята! Так держать!

Қазақстан Республикасының халықаралық тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасы

«Оқушылар сарайында» МКҚК балалар  үйірмелеріне қатысушы  оқушылар арасында  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықаралық  тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

19.09.2019 жылы сағат 15.00 де Оқушылар сарайының Салтанат залында «Тіл» мерекесіне орай  оқушылар арасында  концерттік бағдарламалар ұсынылды. Іс-шараға қатысушы  оқушыларды қолдап, вокал үйірмесінің қатысушылары  өз өнерлерін көрсетіп, мереке әсем әнмен, балалардың қуанышты күлкісімен, көрермендердің ризашылықтарымен аяқталды!

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

«Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесі» ашылды

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесінің» салтанатты ашылуы болды. Көп балалы аналар мен балаларға арналған қонақ бөлмені құрметті қонақтар: Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары – А.А. Нурлыбаев, Білім басқармасының балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бөлімінің жетекшісі – Тау Н.Т., аудан әкімдігінің өкілдері, ата-аналар қауымы ашты.

Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы балалары, мектеп оқушылары Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу кезінде,көп балалы аналар кең және ыңғайлы бөлмеде демалу үшін, кішкентай балаларды ойыншықтармен ойнатуға және қажет болған жағдайда балалар психологының кеңестерін алуға мүмкіндік жасаған.

Мерекеге қаланың барлық аудандарынан келген көп балалы отбасылар, Оқушылар сарайының білім алушылары мен педагогтары қатысты.  Мереке әсем әнмен, түрлі-түсті шарлармен, балалардың қуанышты күлкісімен, аналардың бақытты күлкісімен  және ризашылықтарымен аяқталды!    

 

«Қуыршақ думан» және «Алматы гүлдер қаласы»

Қала күніне орай «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы» атты шоу концерті

2019 жылдың 12 қыркүйегінде де Қала күніне арналған «Оқушылар сарайы»  алдындағы алаңда « Мемлекеттік қуыршақ театры» мен «Оқушылар сарайы» және Медеу ауданы әкімінің аппараты бірлесі отырып , қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы»  атты шоу концерті өтті. 

«Қуыршак думан» шоу концерті

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 15.00 де Қала күніне орай Оқушылар сарайының алдандағы алаңда Медеу ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік қуыршақ театрымен  және Оқушылар сарайымен бірлесі, қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  шоу концертін өткізеді.

Қойылым авторы және режиссерлері: С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова Қуыршақ думан қойылымы концерттік бағдарламадан тұрады. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынады және көрермендер мың бұралып билеген қыздардың шығыс билерін де тамашалай алады.

Сондай-ақ, сахнада Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздар бой көрсетеді. Әсерлі ән де, мың бұрылған би де көрермендер назарына ұсынылады. Тамаша қуыршақтарды Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері, халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің танымал майталмандары ойнатады.