Author: Арман

ДОМБЫРАШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Оқушылар сарайының жас домбырашылары “Мен де жұлдыз боламын” республикалық байқауының төрінде өнер көрсетті.

Таңнұр Адель,  Шарипканов Алихан 2-орынға иеленіп,  Түркия мемлекетіне 40%жеңілдікпен және Бисекенов Сұлтан 1-орынға ие болып 50%жеңілдікпен Түркияға  жолдама ұтып алды.  Ал олардың ұстазы Төрехан Оразұлы «Үздік ұстаз» номинициясымен Туркияға тегін жолдамаға ие болды.

Ұлттық мұрамызды дәріптеп жүрген жас домбырашыларымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

БІЗБЕН БІРГЕ ТАУҒА ШЫҚ!

Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімінің оқытушысы жас туристтерге тауға шығудың әдіс-тәсілдерін үйретті.

Олар сабақта арнайы арқанмен тауға шығудың оңай әрі қауіпсіз тұстарын үйренді. Сондай-ақ, тәрбиеленушілеріміз алдағы қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне де дайындықты бастап кетті.

Табиғатты аялап, денсаулықтарын шыңдауға баулитын мұғалімі: «Балаларымыз жаттыққан сайын қол мен саусақтары, аяқтары мен  арқалары қатайып, барлық дене бұлшық еттері дамиды»,- деп тауға шығудың денсаулығымыз үшін пайдалы екенін айтты.

Сәттілік серіктерің болсын,  жас туристтер! Қызыққа толы сабақ барысын сілтеме арқылы көре аласыздар:  https://www.instagram.com/reel/C0d5l2iCwt_/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

БІЗДІҢ ҮЗДІКТЕР «БАЛДӘУРЕНГЕ» ЖОЛ ТАРТТЫ

2023 жылдың 4-желтоқсанында Оқушылар сарайының үздік оқушылары Қонаев қаласындағы  «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына қызықты сапарға аттанды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар алдағы 20 күн бойы естен кетпес, қызыққа толы күндерде оқумен қатар, әр уақыттарын көңілді өткізбек.   

Ағымдағы жылды қорытындылап, келер жылды қуанышпен бірге қарсы алатын лагерьдің тақырыбы – «Жаңа жыл, жаңа оқиға».

Оқушыларымызға көңілді демалыс,  оқуларына сәттілік тілейміз. Осы 20 күн өмірдің жаңа, қызықты тарауының таңғажайып бастамасы болсын!

Қызықты сапар мен лагерьдің көңілді атмосферасын сезіну үшін біз инстаграм @dvorec_almaty парақшамызда керемет видеоролик әзірледік. Кеттік, бәріміз бірге тамашалайық!

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР

Ғылыми-техникалық шығармашылық орталық бөлімінің “Нейротехнология зертханасының” оқушылары Артур Бычков пен Уали Мирас жүлделі орындарға ие болды.

Дарынды оқушыларымыз “Миослалом” номинациясы бойынша Бүкілресейлік “Нейробот” ашық фестивалінде екінші орын үшін медальдармен және кубокпен марапатталды. Онда балалар EMG сенсорының көмегімен мобильді роботты басқаруды тамаша көрсетті.

Жүлделі орындарың құтты болсын. Біз сендермен мақтанамыз!

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ БУТАКОВКА ШАТҚАЛЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің оқушылары, табиғат жанашырлары Алматы қаласының Бутаковка шатқалын бағындырды.

2023 жылдың 25-қарашасында Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің “Жаяу туризм” балалар бірлестігінің жетекшісі Куренкеев Қуаныш Бердібекұлы №9 арнайы мектеп-интернатының оқушыларымен Бутаковка шатқалына саяхат жасады.

Жорық Медеуден сағат 9:30 да басталып, Кім асар асуы арқылы Бутаковка шатқалына бағытталды. Жолдың басы асфальт жолмен басталып, ары қарай жалғыз аяқ жолға ұласты. Оқушыларымыз әр қадам сайын табиғаттың жаңа қырларын ашып, еліміздің керемет жерлерін аралауда. Егер сіз де қызықты шытырман оқиғаларды армандайтын болсаңыз және туризмнің қызықты әлемімен танысқыңыз келсе, біздің туристік клубқа міндетті түрде жазылыңыз!

Туристік-өлкетану бөлімінің оқушыларының қызыққа толы сапары туралы видеороликті біздің @dvorec_almaty инстаграм парақшамыздан көре аласыздар.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

2023 жылдың 29-қарашасында Оқушылар сарайында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Онда Оқушылар сарайын жаңғырту жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.

Естеріңізге салсақ, биыл Оқушылар сарайы кезеңдік жаңғырту жұмыстарын жасаған болатын. Аталмыш жаңғыртудың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді оқыту және дамыту үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Жаңғырту жұмыстарынан кейін сарайда ғылыми-техникалық бағытта жаңартылған зертханалар, қалпына келтірілген залдар мен жаңа білім беру бағдарламалары жас алматылықтарға білім әлемінің жаңа қырын сыйлайтын болады.

          Жоғары деңгейде өткен пресс-турда Алматы қаласының әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы және т.б БАҚ өкілдері келіп, сарайдың қазіргі ахуалымен танысты.

          Сонымен қатар, баспасөз турының соңында барлық БАҚ өкілдеріне естелік сыйлықтар табысталды.

ЕРТЕГІДЕ ҚОНАҚТА…

2023 жылдың 24-қарашасында Алматы қаласы Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөлімінде   бастауыш мектеп оқушыларының  арасында «Ертегіде қонақта»  атты театр ұжымдарының байқауы өтті.

 Оқушылар өздерінің табиғатты қорғау туралы театралдық көріністерін сахнада көрсетіп, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті.

Көрермендердің ыстық қошеметіне иеленген жас әртістерімізге тек сәттілік тілейміз!

ИНЖЕНЕР БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ?..

Оқушылар сарайының Ғылыми-техникалық шығармашылық үйірмесінің жас инженерлері роботтарды құрастырып, дрондар жасап, өздерінің жаңа идеяларын жүзеге асыруда!

Әр сабақ сайын оқушыларымыз заманауи техникалық құрылғыларды ойлап тауып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын бастап кетті. Таңғажайыпқа толы сабақ барысын,  энергия ағынын сезіну үшін Ғылыми-техникалық шығармашылық бөлім туралы видеороликті  dvorec_almaty инстаграм парақшамыздан тамашалай аласыздар!

Біздің ғылыми-техникалық шығармалық үйірмемізге дәл қазір тіркеліңіз!

ДАҢҚ, ҚОШЕМЕТ ЖӘНЕ ҚУАНЫШ!

2023 жылдың 22-қарашасында  «Шабыт» балалар эстрадалық вокал бірлестігі Алатау дәстүрлі өнер театрының сахнасын дүр сілкіндірді!

Теңдесі жоқ жұлдыздарымыз – Дастан Тұрдалы, Қанапия Омар, Қайыржанқызы Саяжан және Нұрмолда Ақтоты көрермендердің, және де, КТК арнасының камераларын жаулап, сахнаны шарпыды!

Дарынды оқушыларымызды және Сая Махамбетқызын керемет өнерлерімен құттықтаймыз!

ZAKON.KZ САЙТЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ТУРАЛЫ

ZAKON.KZ  сайтының журналисі   Оксана Житникова қайта жаңғыртудан кейінгі Оқушылар сарайы туралы арнайы мақала жазып, сарайдың қазіргі жағдайымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Оқушылар сарайында биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүрген болатын. Оның нәтижесінде оқушыларға  жаңа инновациялық ғылыми-техникалық бағыттар іске қосылды.

Заман талабына сай өзгеріп, тарихи келбетін сақтап қалған сарай туралы О.Житникова өзінің мақаласында: «Алматыдағы Оқушылар сарайы 40 жылдан бері балаларға қосымша білім беру жүйесінде тұрақты көшбасшы болып келеді. Оны жаңғыртқаннан кейін балаларға шығармашылық және спорттық секциялар ғана емес, сонымен қатар жоғары техникалық шеберлікті дамыту үшін ғылыми-техникалық бағыттағы сабақтар да қолжетімді»,– дейді.

Оқушылар сарайында қандай бағыттағы үйірмелердің бар екенін және жеңілдіктер кімдерге берілетіндігі туралы, сонымен қатар оқушыларымыздың жетістіктерін төмендегі сілтемедегі мақаладан оқи аласыздар.

https://www.zakon.kz/stati/6414851-schitat-zvezdy-i-sozdavat-robotov-kak-modernizirovali-dvorets-shkolnikov-v-almaty-